Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Мектеп жасына жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеу»

Автор

Роза
2 мин оқу 62 оқылым

                                                                                                            Баймурзаева Роза Қалжанқызы

Алматы облысы  Іле ауданы

                                «Күншуақ бөбекжай-балабақшасы»

                                                                   Ортаңғы «Жұлдыз» тобының ІІ санатты тәрбиешісі

                 Мектепке дейінгі тәриенің негізгі мақсаты- өскелең ұрпақты жан- жақты тәрбиелеу, психикалық және физиологиялық дамыту, сана – сезімін кеңейту, этика және эстетикалық тәрбие беру.

                Ойынды педагогтар мен психологтар ғана емес, барлық сала мамандары, тарихшылар, этнографтар мен ғұламалар, ойышлыдар да зерттеді. Мысалы: грек ойшылдары Героклит пен Платон ойынның филисофиялық жақтарын зерттеп, олардың көзқарастары  бір- бірін толықтыра түсті. ХҮІІ-ХХ  ғасырларда ойынды зерттеуде жаңа тұжырымдар пайда болды. К.Гросс «Ойын арқылы баланың келешек  дағдыларды қалыптастырады» - деп пайымдаса, Спенсер «ойын бала бойындағы энергияның тасуынан пайда болады»- деп тұжырымдады. Психолог С.Л.Рубенштейннің айтуы бойынша «Ойын арқылы адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, бала ересек өмірге қадам басады»- деді.  

                Заманымыздың көрнекті жазушысы М.Әуезов ұлттық ойындарға көңіл бөле отырып, ойын – тек көңілді көтеріп, қуантып қана қоймайды, өзіндік мағынасы бар деп тұжырымдады.

                Ойын – бала дамуындағы ерекше орын алатын тәрбиелеудің бір түрі. В.А.Сухамлинскидің айтуы бойынша: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»- дегендей, тәрбиеші әр түрлі ойындарды ұйымдастыра отырып, балалардың жан- жақты дамуына, бір – біріне мейірімділік пен жанашырлыққа, қарапайымдылық пен достық сезімдерін оятуға зор ықпал етеді. Ойын – балалардың негізгі іс- әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Зейінін дамытуға арналған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез- құлқын, ерік- жігерін қалыптастырады. Ойын - адамың өмір танымының алғашқы қадамы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаны танып, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа әрекет етеді. Тәрбиеші сюжетті – рольдік, қимыл- қозғалысты, дидактикалық және логикалық шығармашылық, ұлттық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын  әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. К.Д. Ушинскийдің айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларлың жас ерекшеліктерін ескере отырып «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға құр сөзбен үйретіп уақыт кетіргенше, алдына сурет қою арқылы түсіндірсеңіз, бала оны  лезде қағып алады.» Балаларға ойынның шарты толық түсінікті болып, қажетті көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі, топтағы барлық бала толық қатысуы міндетті. Ойын арқылы балалар табиғатпен де байланыста болып, қоршаған ортаның өздеріне қарай әсер ететінін сезінеді.

                Сонымен, ойын адамзаттың дамуының, айналаны танып – білудің алғашқы баспалдағы болып саналады. Ерте балалық шақтан бастап табиғатпен достаса білу, ойын арқылы іске асады.

  Ойын арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жақсы жұмыс істеуін, сондай- ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігін салыстыруын, сипаттауын сұрақ- жауап беру арқылы қалыптастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Меңжанова С.А. «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы. Мектеп 1982ж.
  2. Сатиева Ш. Даму психологиясы (оқу құралы)-Астана. 2012 бет.
  3. Кішібаева Д. «Ұлттық ойындардың пайдасы» 2004ж. 54-55 бет

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Роза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Азға қанағат ет.

3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағының жоспары. Оқушылар мәтін жанрын анықтап, тірек сөздермен мәтін құрастырады және жіктік жалғауларды қолданады.

Роза 67 оқылым 5 мин
Өзін-өзі тану

Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі.

Өзін-өзі тану сабағында жалпыадамзаттық құндылықтар мен ақиқаттың мәні ашылады. Жоспарда оқушыларға арналған сұрақтар, жаттығулар және Ш. Құдайбердиевтің ой-толғамы берілген.

Роза 537 оқылым 3 мин
Ашық сабақтар

Алдыңғы-кейінгі

Реттік санау сабағында балалар алдыңғы және кейінгі ұғымдарын меңгеріп, қатарға тұру және адасқан сандарды табу тапсырмаларын орындайды.

Роза 405 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 202 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин