Мазмұнға өту

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде  қолданылатын сурет салу және жапсыру түрлері

Bilimger Media 2 мин оқу 51 оқылым

Білім беру саласы:"Шығармашылық"

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде  қолданылатын сурет салу және жапсыру түрлері

Мақсаты: балаларға көйлек үлгісін әшекейлеугк үйрету.Саусақпен және қылқаламмен сурет салу дағдыларын және көркемдік талғамын қалыптастыру,шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер:демонстрациялық материалдар,Қуыршақ  Кәусар,бұршақ,сүрткіш,желім,түрлі-тұсті бояулар.

 Қызмет кезеңлері  Тәрбиешінің қызметі  Балалардың қызметі
 Мотивациялық қозғаушылық Сәлеметсіздер ме,балалар!

Балаларды шеңбер бойында бір-біріне жақсы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

балалар сәлемдесті,көтеріңкі  күйде болды

 

Ұйымдастыру-ізденістік кезеңі

Таңғажайып сәт

Топ бөлмесіне қуыршақ Кәусар кіреді.Қуыршақ балалармен сәлемдеседі.

Тәрбиеші балалардың назарын қуыршақ Кәусарға аударады.

-Балалар,қараңдаршы біздің досымыз қуыршақ Кәусар көңілсіз .Ал енді досымыздың көңілін көтеру үшін сәнді көйлек жасап берейікжарай ма,балалар?

-Жарайсыңдар,балалар!

Балаларға әртүрлі көйлек үлгілері көрсетіле отырып,көйлектердің түрлері көп болатындығы айтылады.Бірнеше қуыршақтың көйлегінің суреті көрсетіліп,түсіне,өрнегіне балалардың назары аударылады.

-Ендеше бәріміз бірге қуыршақ Кәусарға арнап көйлектерімізді әдемі етіп безендіріп берейік.

Ол үшін,балалар,біз бүгін екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.

1-топ: Балалар,сіздер көйлектерді түрлі-түсті бояуларды қолдана отырып бояйсыздар.

2-топ:Балалар,сіздер сәнді көйлектерді бұршақтармен жапсырып,әдемілеп безендіресіздер.

Ал,балалар,сәнді көйлектерді жасауға кірісейік.

1-топ балалары алдарыңыздағы көйлек үлгілерін өздеріңіз қалаған түске бояйсыздар.Ол үшін саусақ басын сол түске батырып,әртүрлі көлемдегі дөңгелектер салу арқылы безендіресіздер.

Балаларға көйлекке дөңгелектерді салу жолдары көрсетіледі.Үлкен домалақтарды саусақпен,кіші домалақтарды  қылқаламмен салу жолы түсіндіріледі.Балалардың түстерді лұрыс таңдауына бағыт береді және қандай түс таңдағанын сұрап отырады.Ұқыпты жұмыс жасаулары қадағаланады.

2-топ балалары Қуыршақ Кәусарға сәнді көйлекті бұршақпен безендіріп береді.

-Балалар,бұршақтардың пішіні қандай?

-Бұршақтардың түсі қандай екен?

-Балалар,Қуырщақ  Кәусардың көңілін көтеру үшін көйлектерге бұршақтарды жапсыруды бастайық.

Дөңгелек бұршақтарды  Кәусардың көйлегінің жеңдеріне және етектеріне жапсырамыз.Жасалу жолдары көсетіліп түсіндіріледі.Ұқыпты жұмыс жасаулары қадағаланады.

Сергіту сәті

Көңілді әуенмен орындалады.

Дидактикалық ойын: "Заттарды топтастыр"

Ойын шарты сәйкес заттарды бірдей топтарға жинау.

-Балалар,1-топ балаларына қуыршақтың түсті бантиктерін беремін.Сіздер түстері бірдей бантиктерді бір топқа жинайсыздар.

2-топ балаларына әртүрлі қуыршақтар таратылады.Бірдей қуыршақтарды бір топқа жинайсыздар.

балалар Қуыршақ Кәусармен сәлемдесті

балалар  қуыршақ досына көмектесетіндіктерін айтты

мұқият тыңдады

зер салып тыңдады

балалар көйлектерді әдемілеп безендіре бастады

музыка ырғағына сәйкес қимылдар жасады

ойынға қызығушылық танытты

Рефлексивті-тұзетушілік -Балалар,біз бүгін не орындадық?

-Кәусардың көйлегіне домалақтарды  қандай түстермен безендірдік?

-Кәусардың көйлегіне не жапсырдық?

-Бұршақтың түсі қандай?

Қуыршақ Кәусар балалардың өзіне әдемі де,сәнді көйлек жасап бергендеріне қуанып,рақметін айтып балалармен қоштасты.

балалар толық жауап беріп отырды

жасаған көйлектерін қуыршақ Кәусарға табыстады

Қуыршақ достарымен қоштасты

                    Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: көйлектер әртүрлі болатынын;

Нені игереді: досқа көмек беруді;

Нені меңгереді: саусақтардың және қылқаламның көмегімен әдемі көйлек  әшекейлей білуді,желімдеу кезінде ұқыпты,мұқият орындау дағдысын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 425 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 933 оқылым 10 мин