Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мейірімділік пен қайырымдылық

Bilimger Media
3 мин оқу 48 оқылым

№67 Жалпы білім беретін орта мектебі

Класс сағаты

Тақырыбы: Мейірімділік пен қайырымдылық

Класс: 5А

Класс жетекшісі: Машимбаева Ә.М.

2021 - 2022 оқу жылы

Тақырыбы:          Мейірімділік пен қайырымдылық

Мақсаты:  1.  «Қайырымдылық»,  «Мейірімділік»,   адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

  1. Әңгімелесе отырып, қамқорлық жасауға  жетелеу.  Сабақ барысында құстарға жемсауыт дайындап, оларды мектеп ауласына  ілу, суреттер салу.
  2. Мейірімділікке тәрбиелеу.

Қолданылған құрал – жабдықтар:   Сюжетті суреттер, жағдаяттар,  болжау үлестірме  қағаздары.

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық.

Жан-жағына  нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

  1. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

-         Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-         Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

-         Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

  1. Әжем айтқан ертегі   айдарымен әңгіме, ертегілер тыңдау.

Жақсылық пен жамандық.

Мысал ертегі.

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.  Иттердің біреуі – ақ, екіншісі – қара.  Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.

-         Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі –ақ, екіншісі – қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі.

Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап:  «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»

-         Ненің таңбасы, ата?

-         Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.

Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді.  Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:

-         Қайсысы дейсің, балам?..   Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.

  1. Суреттерге қарап, жағдаяттар шешу.
  2. Сен бір құшақ газет –журнал көтеріп келе жатқан  пошташыны кездестірдің..............
  3. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ..........
  4. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті........

Біз қандай мейірімділік, қамқорлық жасай аламыз?

Оқушылардың ойларын тыңдау.  Мысалдар келтіру.

Бірде мектепке бір кішкене торғай кіріп кетіп, шыға алмады. Біз оған көмектеспек болсақ, ол бізден қорқып, ұстатпайды.  Ал, егерде ол мектепте жүре берсе, ашығып өліп қалуы мүмкін. Өйткені шошып тіптен тамақ берсең де ішпейді. Әр сыныптардан көптеген оқушылар келіп, зорға деген де аулаға шығарып жібердік.

Бөлме өсімдіктеріне қандай мейірімділікпен қарау керек. Неге?  Мысал келтіре отырып, әңгімеле.

Сергітейік жанымызды.

Гүлдер әнін барлығы орындайды.

Біздің әсем аулада

Гүлдер көктеп келеді.

Күн сәулесі оларға

Алтын нұрын төгеді.

Гүлім менің өзімнен,

Айнымауын қарашы.

Гүлдер кімнің баласы,

Мен анамның баласы.

5 . Тапсырма орындау.

Құстарға жемсауыттар дайындап, мектеп ауласындағы ағаштарға ілейік. Ол үшін бізге мынадай заттар қажет:  шырынның бос ыдысы, қайшы, жіптер, салатын жемдер.

Жемсауыттың дайындалу жолдарын үйрете отырып, жасату. Техникалық қауіпсіздіктерді  еске түсіріп, қадағалау. Жасалған  жемсауытты аулаға апарып ілу.

  1. Жан-жануарларға да қамқорлық жасай біл!

Мейірім әңгімесін оқып беру.

Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Сабақ тстен кейін басталатын болғандықтан, асықпай келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенімде үрейлене жылаған баланың  дауысын естідім. Жалт қарасам, басы үлкен, құлағы салпиған қара күшік 3-4 жасар қыздың жолын бөгеп, шәуілдеп жүргізер емес.күшікті қуып жібердім. Қыз қатты қорқыпты. Денесі дірілдеп, өксігін баса алмай солқ-солқ етеді.

  1. Сабақты бекіту.

Мейірімді бол!  Кестесін толтыру.

Сұрақтарға жауап алу.

-         Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

-         Сырқат жанға сенің қолыңнан қандай жақсылық жасау келеді?

-         Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Әдістемелік құралдар

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар 

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күні мен Бірыңғай сынып сағатын ұйымдастыруға арналған ұсынымдар. Құжатта іс-шараның форматы, ұзақтығы және қауіпсіздік талаптары қамтылған.

Bilimger Media 9 мин 1 282 оқылым
Әдістемелік құралдар

Тамыз конференциясы – жаңа оқу жылына жаңа міндеттер

Жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін Тамыз конференциясы – педагогтер қауымы үшін өткен оқу жылын қорытындылап қана қоймай, алдағы кезеңнің басты міндеттері мен басымдықтарын айқындайтын маңызды кәсіби алаң. 2026 жылғы…

Bilimger Media 11 мин 1 378 оқылым
Әдістемелік құралдар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

Адал азамат» бағдарламасының мақсаты, негізгі құндылықтары, айлық тәрбие тақырыптары мен арнайы жобалары балабақша, мектеп және колледж жұмысына арналған.

Bilimger Media 2 мин 908 оқылым
Әдістемелік құралдар

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. №348 бұйрыққа өзгерістер

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы…

Bilimger Media 31 мин 318 оқылым