Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мәтіндегі қателер медиа этиканы бұзады

Аяулым Султанбекова
2 мин оқу 36 оқылым

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 3- курс студенті

Аяулым Султанбекова

XXI ғасыр технология қарқынды дамып жатқан мына заманда ақпараттың жылдам таралуы мен алуан түрлілігі күн өткен сайын артып келеді. Әлеуметтік желілер мен жаңалықтар порталдарының көбеюі, адамдардың ақпаратқа қол жеткізу жылдамдығының жоғарылауы - бұл жағдайлар медиа саласындағы этикалық мәселелерді туындатуда. Аталмыш мәселелердің бірі – мәтіндердегі қателер, дұрыс емес ақпараттар. Мәтіндердегі өрескел қателер медиа этикасын бұзуы мүмкін, себебі олар ақпараттың дұрыстығына, сенімділігіне және жауапкершілігіне тікелей әсер етеді.

Медиа этикасы журналистер мен ақпараттық ресурстардың қоғам алдындағы жауапкершілігін, ақпаратты шынайы және әділ жеткізуді талап етеді. Мәселен, ақпараттық мәтіндерде кездесетін қателер аудиторияға дұрыс емес ақпарат жеткізуге, қате түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ сенімсіздік пен шатасушылық тудыруға әкеледі. Бұл жағдай қоғамда дұрыс ақпарат алуды қиындатады.

Мәтіндердегі қателердің зиянды әсері көп жағдайда ақпараттың сапасына тікелей байланысты. Ақпарат дұрыс, дәл және түсінікті болуы керек, себебі ол адамдардың дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Егер мәтіндерде қателер көп болса, оқырманның ақпаратқа деген сенімі төмендейді, әрі ол мәтінді қабылдауға, талдауға және дұрыс қорытынды жасауға кедергі келтіреді. Мәселен, әлеуметтік желілерде немесе жаңалықтар порталдарында бірқатар қателер мен манипуляцияларға негізделген хабарлар жиі таралуда. Мұндай жағдайлар әсіресе саясат, экономика және денсаулық сақтау сияқты маңызды салаларда қауіпті болуы мүмкін. Олар қоғамның дұрыс ақпарат алуына, маңызды шешімдер қабылдауға және қоғамдық пікірдің қалыптасуына теріс әсер етеді.

Медиа этикасы тұрғысынан, мәтіндердегі қателер тек техникалық мәселелер ғана емес, олар журналистика мен ақпарат саласындағы моральдық және кәсіби жауапкершілікке де қатысты. Әрбір ақпаратты тексеру, оның дәлдігіне мән беру және аудиторияға таза әрі шынайы ақпарат ұсыну журналистиканың басты қағидаларының бірі.

Мәтіндердегі қателердің медиа этиканы бұзатындығын дәлелдеу үшін бірнеше нақты мысал мен фактілер келтіруге болады: Мәселен, COVID-19 пандемиясы кезіндегі ақпараттық дағдарыс. Коронавирус пандемиясы кезінде медициналық ақпараттың шынайылығы мен дәлдігіне қатысты көптеген қателіктер байқалды. Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ кейбір жаңалықтар порталдарында вирустың таралуы, вакциналардың қауіпсіздігі және пандемияға қарсы күрес жөнінде жалған немесе тексерілмеген мәліметтер жарияланды. Бұл өз кезегінде адамдардың денсаулық сақтау саласына деген сенімін төмендетті. Мәселен, 2020 жылы әлеуметтік желілерде «вакцинациядан кейін өлім-жітімнің артуы» туралы қате ақпараттар тарады, бұл вакциналау процесін тежеді. Халық арасында дүрбелең туғызды. Міне, аталмыш осындай факторлар медиа этиканы бұзады.

Қорытындылай келе, мәтіндердегі қателер медиа этиканы бұзады. Олар ақпараттың сапасын төмендетіп, қоғамның дұрыс ақпарат алуын қиындататын фактор болып табылады. Сондықтан медиа саласында жұмыс істейтін барлық тұлғалар үшін өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, ақпараттың дәлдігі мен шынайылығын қамтамасыз ету – негізгі міндет болуы тиіс.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аяулым Султанбекова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым