Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 438 оқылым

Серикбаева Гаухар Байрамбековна

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет», «Денсаулық», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Қоршаған ортамен таныстыру, Құрастыру, Мүсіндеу.
Ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Маша мен Аюға көмек»
Мақсаты:
Балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін пысықтау, геометриялық пішіндер, (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек), түстер, көлем туралы білімдерін бекіту. Жануарлар және жемістер мен көкөністерді ойындар арқылы жыл бойы алған білімдерін қортындылау.  Сөйлеу тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, зейінін, ойлауын, есін дамыту.
Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Заттық дамыту орталығы: Слайд, жыл мезгілдерін байланысты суреттер, геометриялық пішіндер, үнтаспа, жемістер мен көкөністердің суреттері, ермексаз, желім, сіріңке таяқшалары.
Билингвальды сыңары: көктем- весна, қыс- зима, жаз- лето, күз- осень.

Мотивациялық қозғаушы кезең:
Балаларды шеңберге тұрғызып қонақтармен амандасу.
-Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Cood  moning!
Шаттық шеңбер
Дала гүлге оранады,
Түрлі – түске боянады.
Нұрлы көктем келген кезде,
Табиғат та оянады.
Тосын сәт: Ұйқыдағы аю келеді.
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»
Шарты: жыл білгілерін тән суреттерді дұрыс орналастыру.
Билингвальды сыңары: көктем- весна, қыс- зима, жаз- лето, күз- осень.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Үнтаспадан жаңбырдың дауысын шығару.
-Ой балалар, жаңбыр жауып кетті. Бізге жаңбырдан қорғануға сиқырлы пішіндеріміз көмектеседі. (Балалар пішіндерді бастарына қойып жауаннан қорғанады)
-Балалар, жаңбыр басылды. Қане пішіндерімізді жаңбыр суынан сілкейік.
-Көрдіңдер ме, расында да пішіндер сиқырлы екен, жауынның ізі қалмады. (Әр баладан қолдарындағы пішіндерді атату, түсін сұрау)
-Балалар енді осы сиқырлы пішіндермен ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Пішіндерді топтастыр»
Шарты: геометриялық пішіндерге сәйкес суреттерді топтастыру.
-Балалар, сендер Аюдың ормандағы достарын білесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»
Шарты: үнтаспа арқылы жануарлардың, құстардың, жәндіктердің дауысын ажыратып, атау.

Сергіту сәті
Балалар, балалар,
Аю қалай жүреді?
Аю былай, аю былай,
Дәл осылай жүреді.
Балалар, балалар,
Түлкі қалай жүреді?
Түлкі былай, түлкі былай,
Дәл осылай жүреді.
Балалар, балалар,
Қоян қалай жүреді?
Қоян былай, қоян былай,
Дәл осылай жүреді.
Балалар, балалар,
Құстар қалай ұшады?
Құстар былай, былай,
Дәл осылай ұшады.
- Балалар, біз Аю екеуіміз сендермен ойнадық, көңіл көтердік. Түскі ас әзірлейтін уақыт болып қалды. Сендер бізге көкөністен сорпа, жемістерден сусын дайындауға көмектесесіңдер ме?
Дидактикалық ойын: «Сусын және сорпа әзірлейік»
Шарты: көкөністер мен жемістерді ажыратып, ыдыстарға бөліп салу.
Аю: Балалар, сендер енді маған бақшамның қоршауын жөндеуге көмектесесіңдер ме?
Маша: Қыздар сендер маған көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі түймедақ гүлін егуге көмектесеңдер ме?
Шығармашылық жұмыс
1- Ұлдар тобы. Бақшаға сіріңке таяқшаларын пайдалана отырып  қоршау жасау.
2- Қыздар тобы. Желімді пайдаланып түймедақ гүлін жасайды.
Қортындылау
-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде кімге көмектестіңдер?
-Жауыннан бізді қандай пішіндер қорғады?
-Сусынды біз неден әзірледік?
-Сорпаны неден пісірдік?
Оқу қызметінің соңында балаларды мақтап, мадақтап тәттілер үлестіру.

Авторы
Серикбаева Гаухар Байрамбековна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым