Мазмұнға өту

Мәңгілік ел - асқақтай бер Астана

Ақпанбетова Роза Зейнулакимқызы 4 мин оқу 750 оқылым

Ақпанбетова Роза Зейнулакимқызы

Тобы: «Құлыншақ»

Білім беру саласы:  «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: « Мәңгілік ел- асқақтай бер Астана»

Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту, ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздерін еске түсіру, оларға құрмет көрсету туралы үйрету. Соған қоса балалардың ойлау қабілетін өсіру, тақпақтарға қызығушылығын, сөздік қорын, тіл байлықтарын байытуға мән беру .

Көрнекі құралдары: Ту, Елтаңба, Астана қаласының көрікті ғимараттардың суреттері.

Әдіс- тәсілі: Әңгімелеу , сұрақ- жауап.

Пәнаралық байланыс: Сурет салу, музыка, көркем әдебиет.

Билингваль компанент:  Ту- флаг, Елтаңба- Герб, Астана- Сталица, Әнұран- Гимнь.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Баланың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру- іздестіру

Рефлексивті- түзетушілік

Әуенмен топқа кіреді.

Балалар көңіл күйлерің қалай?

Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым,

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга

Пожелайте добра!

Good morning , good morning

Good morning   to you

Good morning,  good morning

We are glad to see you!

-          Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

-          Дұрыс айтасыңдар. Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.

Балалар бүгін біздің  оқу қызметіміздің тақырыбы: «Мәңгілік ел- асқақтай бер Астана» деп аталады. Олай болса біз оқу қызметімізді Еліміздің мағыналы әнұран гимнімен бастайық. Қолдарымызды жүрек тұсына қойып айтайық.

-          Біздің Қазақстан Республикамыз қандай ел?

-          Біздің Елбасымыз кім?

-          Біздің елордамыз қай қала?

Біздің Астанамыз әсем қала, жас қала, әрі бас қала. Онда көптеген ғимараттар орналасқан. Астананың ортасында Бәйтерек орналасқан  өте биік әрі сұлу ғимарат. Астананың ортасында Есіл өзені ағып жатыр. Астанамыз жылдан- жылға көркейіп, әсемденіп келеді.  Астана  қаласы туралы, Отанымыз туралы кім тақпақ айтып береді.

Балалар Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер, еске түсірейік.

Елтаңба, Ту, Гимні туралы мағлұмат береді.

Балалар, біздің ашық аспандай көгілдір туымыз бар.

Айбынды Елтаңбамыз бар.

Мағыналы Әнұранымыз бар.

Балалар, көрдіңдер ме біздің қандай тамаша рәміздеріміз бар.

Дыбыстық жаттығу:

Кө-кө-кө- көгілдір

Үн-үн-үн- күн,

Нек-нек-нек- өрнек.

Ел-ел-ел- Елтаңба,

Ән-ән-ән- Әнұран.

Аудармашы ойыны:

Ту- флаг

Елтаңба- герб

Астана- сталица

Әнұран- гимні.

Сергіту жаттығуы:

Міне, мынау- оң қол,

Міне, мынау -сол қол

Шапалақты соғайық

Топылдатып билейік.

Міне, мынау – оң аяқ

Міне, мынау- сол аяқ

Топ-топ-топ-топ басайық

Жаттығуды жасайық.

Хлоп-хлоп хлопаю

Топ-топ топаю

Это левая рука

Это правая рука

Хлоп- хлоп хлопаю

Топ-топ топаю

Это левая нога

Это правая нога.

Here is my left hand

And here is my right hand

I can clap ,clap them

With all my might

Here is my left leg

And here is my right

I can stamp,  stamp them

With all my  might

Балалар,  мен  сендерді   орталыққа шақырамын.

1-      топ: «Құм мен су»  орталығы

(жармамен тудың бейнесін салу)

2-      топ   Шығармашылық орталық

       (суретті біркелкі етіп бояп шығу)

      3-   топ  «Әдеби»  орталық

(суретке қарап әңгіме  құрастыру)

-          Балалар бүгін біз қандай жұмыс

жасадық?

-          Балалар, біздің Республикамыз  қалай аталады?

-          Қазақстанның елордасы қай қала?

-          Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар?

Өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек. Еліміздің көркейуіне үшін , біз әрқашан еліміздің әсем табиғатын, жемістермен байлығын дұрыс пайдаланып, қорғап, аялауымыз керек. Әсем крікті Республика етіп, еліміздің рәміздерін қадірлеп, бағалап, биікке көтеріп жүруіміз керек.Қазастан Республикасын таныта аламыз.Сендер біздің Республикамыздың болашағысыңдар, сендер үлкен азамат, азаматша болыпдамуына үлес қосасыңдар.  Балаларды мақтап, мадақтаймыз. Осымен оқу іс- қызметі аяқталды.

Сау болыңдар, балалар!

әуенмен топқа кіреді.

Жақсы

Шаттық шеңберіне тұрады

Балалар тәрбиешімен бірге тақпақты қайталайды.

Қазақстан Республикасы

Хормен гимнді айтады.

Егеменді тәуелсіз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Астана

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Отан менің ата- анам,

Отан досың бауырың

Отан өлкең Астанаң

Отан аудан, ауылың

Отан деген туған жер

Отан- ана, Отан- үлкен

Қазақстан туған ел.

Отан бізде біреу- ақ

Ол біздің Қазақстан!

Ту, елтаңба, гимні.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге  қимыл- қозғалыспен жасайды.

Балалар 3- топқа бөлініп отырады.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек?:     Қазақстан Республикасының рәміздері Ту, Елтаңба, Гимні.

Нені игереді:     Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы екенін

Нені біледі:     Сөз қорын молайту, тіл ұстарту, сурет салу, әңгіме желісін байланыстырып айта    білуді, сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ақпанбетова Роза Зейнулакимқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин