Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандығым – мақтанышым!

Bilimger Media
2 мин оқу 38 оқылым

Мамандығым – мақтанышым!

ХХІ ғасырда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат-арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, және сол біліміне сай мамандықты меңгеруі қажет. Мамандық дегеніміз - бұл әрбір азаматтың ертеңгі болашағы. Жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне ықпалын тигізеді.

Мен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде, ғылыми тарих магистратурасында оқимын. Бұл тұрғыда өз мамандығыммен мақтана аламын, себебі менің мамандығым қазіргі уақытта қоғамға қажетті мамандықтардың қатарында. Бүгінде бакалавриатта оқыған мамандығымды магистратурада жалғастырып жатырмын.  Бакалавриатта осы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсуді армандаған едім. Нәтижесінде, арманым орындалып, өзім таңдаған ғылыми тарих мамандығының магистратурасында оқып жатырмын.

Менің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдау себептерімнің бастысы бұл жерде жоғары деңгейдегі кәсіби оқытушылар - профессорлар, доценттер, сабақ өтеді. Бұл дегеніміз – университеттегі магистранттардың, студенттердің білім сапасының жоғары болатынын көрсетеді. Сондай-ақ, ҚазҰУ – інде студенттердің, магистранттардың білім алуына керекті жағдайлар жасалған. Мұны, біз университет кітапханасының жабдықталуынан байқауымызға болады. Мәселен, кітапхананың екінші қабатында кітаптар, оқулықтарға арналған зал орналасқан. Ал, кітапхананың үшінші қабатында компьютерлермен жабдықталған. Білім алушы студенттер және магистранттар үшін бұл зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, қазіргі уақытта тек бакалаврда өтілген біліммен қалып қою, бұл маман ретінде қалыптасуға жеткіліксіз. Сондықтан, мен мамандығым бойынша білімді жетілдіру мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын таңдадым.

Мамандығым бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, мақалаларды қалай жазу керектігі жайында біз – "Ғылыми  зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау" деген сабақ өтеміз. Сондай-ақ, мамандық бойынша: Орта Азия тарихы, Әлем тарихы туралы жазылған іргелі еңбектерді талдап, дискуссия болады. Және де магистрант ретінде, ең бастысы тұлға болып қалыптасу болғандықтан, бізге ең қажетті пән "Басқару психологиясы" болып табылады. Басқару психологиясы дәріс барысында біз көшбасшы мен басшының айырмашылықтарын, ерекшеліктерімен психологиялық типтерін, түрлерін қарастыру ең қызықты тақырыптардың бірі. Сонымен қатар, біз басқару психологиясында адамдардың мінез-құлқын, психологиялық типтерін салыстыру және талдау арқылы қоғаммен қарым-қатынас барысында қажеттілігін аңғарамыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, 7М02210

Ғылыми Тарих мамандығы , 1-курс магистранты: Жұмаділұлы Жәнібек

Жетекшісі - Тленчиева Нұржамал Сейдалиевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер 8

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Zhanibek Zhumadiluly

    Мамандық туралы жақсы жазылған екен!
  2. Неизвестный пользователь

    Кушти
  3. Неизвестный пользователь

    Кушти.
  4. Ануар

    Жақсы
  5. Ануар

    Жақсы супер бәрі супер
  6. Енлик Кабдыгали

    тамаша! Маган катты унады👍🏿👍🏿
  7. Енлик Кабдыгали

    тамаша! Маган катты унады
  8. Мирас

    Бұл мақала өте керемет екен

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 144 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым