Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Махамбет Өтемісұлы 220жыл мерей тойы

Азиза
2 мин оқу 28 оқылым

Махамбет жырлары ұрпағы үшін нағыз рухани азық

Батыр атамыз Махамбеттің шығармашылығы батырлығымен үндесіп, бүгінгі ұрпақ үшін асыл сөздің ұстасы, ерлікке,елдікке,елін сүюге үндейтін үгітшісі іспеттес. Ақын өлеңдерін оқи отырып, әр бір шығармасы көтеріліс,күрес, тартыс, үстінде туғанын көреміз, алайда соған қарамай шешендік өрнекке құрылған – терме, толғау, нақыл түрінде келеді. Меніңше, мінекей, батырлық пен ақындықтың үндескен жеріне дөп түскендеймін. Мысалы,

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы...

Жаманнан туған жақсы бар

Атасын айтса нанғысыз, -

деген өлең жолдары халық арасында нақыл сөзге айналыпкеткен. Ата-әжелеріміз: «Шырағым, аз сөйле, көп тыңда» ,- деп ақыл айтуы осыған дәлел емей не?

Дауылпаз, батыр, ақын Махамбет өз заманында саясаттың құрбаны болып,қаншама жалғыздық тауқыметімен жеңіліс қасіретін көрсе де, халқын жүрегінен шыққан жалынды сөздерімен рухтандыра білген. Сол себепті мен Махамбет атамыз ерлік жайында жырлағанда кез-келген ақыннан асыра, жеріне жеткізе жырлады деп білемін.

Әрбір ел өзінің елдігін сақтап қалу үшін , ең бірінші ұлттық кодын сақтай білу керек. Ол дегенім тілін, ділін сақтай отырып, салт – дәстүрімен танымал бола білу. Бүгінгі күнде мұндай танымалдылыққа жастар үшін мүмкіндіктер өте көп. Осындай мүмкіндіктерді бізге жасап берген Махамбеттей бабаларымыздың өсиетін орындау, біздей, ұрпақтары үшін парыз деп білемін. Тілін жоғалтпаған халық, еркіндігімен егемендігін мәңгі сақтап қалары хақ. Қазіргі күнде елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде. Ұлттар арасында сыйластық пен құрмет бірінші орында. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі, бүгінгі күнде тіліміздің мәртебесі Аллаға шүкір биік дәрежеде.

Осындай бейбіт күнде өмір сүру бабалар ерлігі мен ілім үшін жұмсаған күшінде деп білемін. Халық ауыз әдебиетінен бастап, от жалынды ақын- жазушыларымыздың шығармашылығы тек мектеп бағдарламасында, ұстаздарымыздың түсіндіріп , бізбен жұмыс істеуіне ғана міндеттелмей , әр бір отбасы , ата-ана осындай рухани маңызы жоғары бабаларымыздың асыл мұрасын өз отбасында бала тәрбиесімен үйлестірсе , марқұм әжемнің айтқан ертегілеріндей қызықты дүниелер көп болса, нұр үстіне нұр болар еді...

Бабалар өсиетін орындау, елдігімізді сақтап, тіліміздің мәртебесінің биік болуы өз қолымызда достарым!!!

"№49 Сырдария жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі пән мұғалімі: Давлатова Азиза

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Азиза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

ЖАСТЫҚТЫ ОТЫ ЖАЛЫНДАА….

Мақалада жастардың күш-қуатын ел игілігіне бағыттау және білім беру жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар айтылады.

Азиза 3 мин 34 оқылым
Дефектология

НАШАР ЕСТИТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ КЕЗІНДЕ ҚҰММЕН ТАНЫСУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР ЖИЫНЫ

Нашар еститін балалардың ұсақ моторикасы мен сенсорлық дағдыларын дамытуға арналған құм ойындары мен жаттығулардың үлгісі берілген.

Азиза 6 мин 62 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым