Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Махамбет өлеңдері- бүгінгі ұрпаққа үлгі- өнеге

Исатилла Ясмина
2 мин оқу 95 оқылым

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті

"Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ” КММ-нің

8 «Б» (орыс) сынып оқушысы Исатилла Ясмина

Жетекшісі: Ерназарова Рыскул Анасратдинова

Махамбет өлеңдері – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге

Бұл ақын туралы қазіргі жастар біле бермейді, сол себепті осы тақырыпта өз білгенімді жазып отырмын. Махамбет ақын - тарихымыздың қайталанбас тұлғасы және қазақ әдебиетінің поэзия әлемінде орны ерекше жан екенін біліп жүру үшін және жас ұрпақтар өз халқының тарихын біліп, оны елге танытуымыз үшін бізге керек тұлға.

Махамбет Өтемісұлы – жауынгер ақын Жәңгір ханның тұсында өмір сүрді. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт азаттық көтерілістің белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды. Өз заманында шындықты өлеңмен өрнектеп жеткізген өр рухты батыр ақын. Жәңгір ханға қарсы шығып, шындықты бетке айтатын қайсар мінезімен хан озбырлығына шек қою үшін аянбады.

Негізі көтеріліске шығуының басты себебі, ханның елге салықты көбейтуі, шаруалардың орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі, Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы еді.

Махамбет - өз қамы үшін емес, халықтың жағдайы, ел тыныштығы үшін көтеріліске шықты, өз дәуіріндегі шындықты жеткізу үшін қара сөзбен емес, өлеңмен жеткізді. Ел алдында аз сөйлесе де ,өз өлеңдерінде айтар сөздерін арқау етті. Өлеңдерін оқығанда ақынның ішкі сезімін, халыққа сол заманындағы үстем тап өкілдерінің көрсеткен опасыздығын, қанаушылығын көруге болады. Махамбет –халқын сүйген,халық мұңын жырлаған,елім деп еңіреген ақын. Ақын поэзиясы өз дәуірінің,сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған,еңбекші шаруалардың жыршысы.

Өмірінің ақырғы минутына дейін жақсылықты алдағы өмірінен күтіп, ұрпақтарды хан, патша, би, сұлтандарға қарсы күреске шақырып кеткен ақын.

Махамбет өлеңдері көбінде шешендік өрнекке құрылған- нақыл, терме, толғау түрінде келеді. Мысалы:

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы...

Жаманнан туған жақсы бар

Атасын айтса нанғысыз,- деген өлең жолдары қанатты сөзге айналып кеткен.

Бұл өлеңінде Махамбет ақын не айтқысы келді. Адам аз сөйлесе де өз ойын ашық айтуды, көп ақыл-кеңес тыңдаса асылдың ұрпағы екенін, жаманнан туылған бала болса да жақсы болатынын, атасына ұқсамайтын ұлдар бар екенін мысалмен жеткізді. Ақынның өлеңдері қазіргі кезге дейін терме, толғау, ән болып орындалып жүр. «Жақсының аты өлмейді, Ақынның хаты өлмейді.» дегендей Махамбет ақынның заты өлсе де, өзі өлмейді деген сөз.

Қорыта келе айтарым, Махамбет жырларын өзі үшін емес, қара халықтың жан айқайын жеткізу үшін жырлаған асыл сөздің кені, қызыл тілдің көркем ұстасы, елді ерлікке жетелейтін халықтың жалынды үгітшісі.

Махамбет сияқты батыр ақын – бүгінгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

Махамбеттің арманы бүгінде орындалды, іске асты. Себебі, Қазақстан Тәуелсіз – егеменді ел болды.

Рубрика "Сөз маржан" Collaboration_Fest

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Исатилла Ясмина

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 58 оқылым