Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

М дыбыс мен әрпі

Имашова Айжан Шенгельбаевна
3 мин оқу 686 оқылым

Имашова Айжан Шенгельбаевна

Мақсаты:

М дыбысы және әрпімен тныстыру. Грамматикалық сөйлеу қабілеттерін, ауыз екі сөйлеуін,  байланыстырып сөйлеулерін, сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Ұсақ қол маторикаларын, тыныс алуын,  артикуляциялық ауыз, тіл бұлшықеттерін арнайы жаттығулар арқылы дамыту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс, жұмбақтар.
Көрнекілік  құралдар:балықтар, тыныс алу жаттығуына арналған суреттер,  әріптер, Кюзинер таяқшалары, бұршақтар.

Ұйымдастыру, іздену.
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сеніңбойыңда.
- Өте жақсы, балалар! Бүгін біздің оқу қызметімізге арнайы қонақтар келіпті.
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Қане, атайықшы?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста неше ай бар? Қыс айларын атайық.
- Қазір қай ай?

- Бір аптада неше күн бар? ата
- Аптаның қай күні?
- Біз неше күн оқып, неше күн демаламыз.

- Қыс мезгілінің ерекшелігін айта қояйық..
Қане балалар, олай болса мен сіздерге дыбыстар қандай өмір сүреді екен, сол туралы ертегі айтып берейін.(Ертегі оқып беру)
Ертегі

Әлдеқандай патшалықта емес, мемлекетте емес, өзіміздің аузымызда дыбыстар өмір сүріпті. Олардың үйі осы аузымыз болыпты. Үйдің төбесі тандай, едені төменгі таңдай, үйдің екі қабырғасы екі жағымыз болыпты. Ал үйдің есігі екі ерін, оның ішінде есік мықты болу үшін қойылған сүйек шарбақтары бар екен, олар тістер болыпты. Бір күні осы үйге барлығын басқаратын бастық пайда болыпты. Ол тіл екен. Оның көңіл – күйі жақсы болса дыбыстарды емін еркін өткізіп жібереді екен.
Мысалы былай: А, О, Е, И, Ы, У. Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп, есіктен емін еркін кіріп - шығып жүреді екен. Ал, кейбір дыбыстарға кедергі жасап, шығуына бөгет болады екен немесе есікті жауып қояды екен. Мысалы былай: п – п- п;н - н – н, т – т - т дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады екен.

Есік қағылып әже келеді.

Әже:

-Балалар мен сендерге мына сандықпен сыйлық алып келе жатып, сандықтың кілтін шұңқырға түсіріп алдым. Енді сандықты аша алмай отырмын. Ал кілтті алу үшін мына тапсырмаларды орындау керек екен. Сендер маған тапсырманы орындап, кілтті алуға көмектесіңдер, келісесіңдер ме?

Балалар:

-Арине

(әженің қолындағы қармақ пен суды алып ортаға қоямыз, балалар балықты аулау арқылы тапсырмаларды орындайды)

1 балық Тыныс алу жаттығуы

«Шәйді суыт»

Шарты: кеседегі шәйді балалар үрлеп суытады. Ондағы шәйдің ыстық екендігі айтып түсіндіріледі. Суытып болған соң оны ішіп, дәміне тамсанады.

2 балық

1тапсырма

- Балалар дыбыс дегеніміз не? Дыбысты айтамыз естиміз.

- Әріп деген не? Әріпті жазамыз, көреміз.

2тапсырма

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 – ге

- Қандай, қандай? Дауысты және дауыссыз.

- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Қызыл.

- Ал дауыссыз дыбыстарды ше? Көк текшемен белгілейміз.

3балық Сергіту сәті

Жирафтың үстінің бәрі

Әуен арқылы сергіту жаттығуын орындау

4 балық

1тапсырма Әріптік диктант

Кьюзинер таяқшалары арқылы өткен әріптерден диктант жазу.

5балық Саусақ жаттығулары

Не қалай айтады?

Қайшы қиып айтады (балаң үйрек пен ортан терек саусақтарын қайшыдай ұстау).

Ине кіріп айтады (бас бармақ  пен балаң үйрек саусақтарын қосу).

Балға ұрып айтады (сол қолды жұдырықтап қою, оң қолмен жұдырықтап соғу).

Біз тесіп айтады (сол қолдың балаң уйрек саусағын, оң қолдың балаң үйрек саусағымен тесу).

Пышақ кесіп айтады (саусақтарымен кезектеп кесуді көрсету).

6 балық М дыбыс мен әрпі

1 тапсырма

 Жұмбақ
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (Мысық)

Жұмбақтың шешуі мысық екен. Олай болса мысық деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр М дыбысынан басталып тұр. Жақсы балар бүгін біздер М дыбысымен әрпімен танысамыз. М–м - м  деп айтып көрейікші, қалай айтылады дауысты ма дауыссыз ба? Қандай текшемен белгілейміз?

2 тапсырма

М әрпін ауада, қағазда жазу.

7балық Кілт

Буындар оқу

Ма, мо, му, та, то, ту, ба, бо, бу, па, по, пу

Кілтті алып әжеге тапсыру. Әже сандығын ашып сыйлық беру.

Сабақты қорытындылау.

-Балалар бүгін бізге кім келді?

-Біз қандай тапсырмалар орындадық?

-Қандай әріп өттік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Мадақтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Имашова Айжан Шенгельбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым