Мазмұнға өту

Логопедиялық сабақ жоспары

Bilimger Media 2 мин оқу 2 359 оқылым

САБАҚ    ЖОСПАРЫ №

Мерзімі:

Сабақ түрі: топтық

Сабақ  тақырыбы.  Бізді қоршаған дыбыстар

Сабақтың  білімділік мақсаты:

Балаларды дыбыстар әлеміне енгізу, оған деген қызығушылықты туғызу: олардың назарын сөйлеудің дыбыстық (сыртқы) жағына аудару;

тілдің фонетикалық құралдары арқылы табиғат дыбыстарын жеткізе алуға үйрету.

Ұқсас дыбыстарды ажырата алмау тәрізді кемшіліктердің алдын алу.

К ө р н е к і   қ ұ р а л д а р. Табиғат құбылыстарының аудио жазбалары.

Жануарлардың және құстардың дауыстары бар аудио жазбалар.

С а б а қ  б а р ы с ы. 1. «Ертегі орманы» жағдаяттық ойыны.

Өздеріңді ормандамын деп елестетіңдер. Соқпақ жолмен орман ішіне енген үстіне ене түсеміз. Түрлі –түрлі ағаштарға ,шөптерге,гүлдерге қараңдаршы! (балалар олардың аттарын атаса болады). Тыңдаңдаршы. Орман іші неге тұнып тұр? Не естисіңдер?Қоңыз қандай дыбыс шығарады? (ж.ж.ж.). ал көкек ше?... және т.б.(Балалар нақты дыбыстармен жауап береді).

·         Жануарларды және құстарды дауыстары арқылы тануға бола ма?(Иә, өйткені әрқайсысы өзіне ғана тән дыбыстар шығарады.)

·         Білесіңдер ме, бірде дәл осы орманда керемет шатасу болды: барлық аңдар мен құстар дауыстарын айырбастап алды. Бұл қай ертегіде болған оқиға? Оны кім жазды? Қане, қайсысы қайсысымен дауыстарын айырбастағанын есімізге түсіріп көрейік. (жауапты бәрі бірге беруге болады).

Торайлар мен мысықтар.Үйректер мен тауықтар.

Торайлар мияулай бастады:Үйректер кетті қыт-қыттап.

Мяу,мяу! (Бәрі бірге).Қыт,қыт,қыт! (Бәрі бірге).

Мысықтар қорсылдай бастады:Тауықтар кетті қырқылдап:

Қорс,қорс,қорс! (Бәрі бірге)

3  Қырқ,қырқ,қырқ! (Бәрі бірге).

Торғайлар мен сиырлар.

Торғай түсті секіріп

Сиыр болып өкіріп:

Мө-ө-ө! (Бәрі бірге).

Сиыр торғайға не деп жауап берді? (Шиқ-шиқ-шиқ).

·         Сендер қалай ойлайсыңдар ,тағы қандай аңдар мен құстар дауыстарын ауыстырып ала алады екен және олар оны қалай жүзеге асырады? (Балалар өздерінің пікірлерін айтып ,міндетті түрде сол дауысты салып береді). Мысалы: қарға үре бастады – әуп,әуп,әуп; ал ит қарқылдай бастады – қарқ,қарқ,қарқ.

·         Аңдардың ішіндегі қайсысы момын еді және басқаларға еркелемеуге кеңес берді? (Көжек). Ол қандай сөздер айтты?(Балалар бәрі бірге дауыстап айтып береді).

Шықылықтауңға тиістілер -   Қарға сиыр

Мөңіремеңдер !    Бола алмайды!

Мөңіреуге тиістілер -     Бақа аспанда

Шықылықтамаңдар!    Ұша алмайды!

Мынадай шытырманның арты насырға да шабуы мүмкін. К.Чуковскийдің ертегісінде қандай қырсық болды? (Түлкілер көк теңізді отқа шалдырды). Аңдарға өртті сөндіруге кім көмектесті? Аңдар қай кезде қуанып және әрқайсысы өз дауысымен ән сала бастады?

Қаздар бастап қайтаданШиқ-шиқ-шиқ (Бәрі бірге).

Шыбындар ызыңдап ән салды:Аттар кісіней бастады:

Ыз –ыз -ыз (Бәрі бірге).И-и-и- и (Бәрі бірге).

Өз дауысымен ән салды:

Қаңқ –қаңқ-қаңқ (Бәрі бірге).

Мысықтар мияулай бастады:

Мяу-мяу-мяу (Бәрі бірге).

Құстар шықылықтай бастады:

Үйге тапсырма:Үй жануарларының қайсысының қалай дыбыстайтындарын салу

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин