Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Латын әліпбиіне көшу - тарихтан сыр шерту және болашаққа бастар жол»

Батыргали Шапағат Балтабайқызы
2 мин оқу 112 оқылым

авторы: Батыргали Шапағат Балтабайқызы

“Қазақ тілін латын әрпіне көшіру - ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кіруін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам”
Н.Ә.Назарбаев

Қазақ халқы тарихында бірнеше түрлі әліпби болды. Араб әліпбиі, латын әліпбиі және кириллица. Қазіргі таңда қолданыста кириллица, бірақ латын әліпбиін қолданысқа енгізу туралы шешім 2017 жылы қайта көтерілген болатын. Бұл шешімге бірі келіссе, бірі кетіспеуде, әр адамның пікірі әрқилы өрбуде.
Латын әліпбиін қолданғандарға қарағанда, қолдамайтын адам саны көбірек. Алайда, осы адамдар қазақтың көрнекті ақын, жазушы, соның ішінде А.Байтұрсын, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров қолданғандарын біле ме екен? Дәлірек айта кететін болсам, А.Байтұрсын қазақ әліпбиінің реформаторы ретінде танымал болғанымен, латын әліпбиін енгізу туралы пікір-таластарға да қатысқан. Ал, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров латвн әліпбиін қолдап, шығармаларын латвн әліпбиінде жазған. Еске сала кетсем, латын әліпбиі 1929-1940 жылдар аралығында қолданыста болған. Осы аз уақыттың ішінде қазақ тарих сахнасында ойып тұрып орын алған. Біріншіден, біз оқып жүрген шығармалардың түп нұсқасы латын қаріптерімен жазылған: “Қозы-Көрпеш Баян Сұлу” (1935), “Алдар көсе” (1936), “Алыптарды аралағанда” (1934), “А.Құнанбайұлының таңдалмалы өлеңдері” (1939), “Менің құрдастарым” (1939), және т.б. Екіншіден, орыс қаріптерінің жоғалуы. Көбі қазақ қаріптері і,ғ,қ,ұ,ә,ң,ө, жоғалуы мүмкін деп ойлайды. Бұл жерде бәрі керісінше, біздің қаріптер емес, орыс қаріптері қооданыстан шығады. Үшіншіден, латын әліпбиін ұстанатын елдердің тілі танымалдылыққа ие болуы. Қазіргі таңда қызығушылық кириллициға емес, латын әліпбиіне көбейтіп жатқан бәріміз білеміз. Тіпті медицина саласында да көптеген дәрілер, ауру аттары латын тілінде, қаріптерінде жүреді. Латын әліпбиін енгізу білімге ұмтылған жастарға да пайдасын тигізер еді. Біз осы арқылы өз тілімізді дамытып қана қоймай, бай екенінде паш етер едік. Дамыған елдермен тереземіз тең тұруға үлкен мүмкіндік.
Қортындылай келе, қазақ халқын кириллицадан латын әлпібиіне көшіру өз еліміздің дамуына тағы да бір үлес қосар едік. Латын әліпбиі жас ұрпақтың әлемдік білім кеңістігіне пшар жолы. Латын әліпбиіне оралу елімізді, тілімізді дамытуға жақсы мүмкіндік. Қазақ тіліміздің барша әлемге танымал болуына ықпал етеді. Бұл жаңа заман - жаңа қарқын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Батыргали Шапағат Балтабайқызы

Пікірлер 2

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. sabinka

    👍🏻👍🏻👍🏻
  2. sabinka

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым