Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 503 оқылым

Пернебаева Фариза Жолбарысқызы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Білімділік: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Сұрақ жауап арқылы сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері:Әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, тапсырмалар орындау.

Көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері.

Қажетті құралдар: Желім, дәнді дақылдар, жіп, қылқалам, қағаздар.

 

ҰОҚ

 

Тәрбиеші қызметі

 

Балалар қызметі

 

Мотивациялық қозғаушы күш

Қараңдаршы балалар айналамыз қандай тамаша. Балалар бізге шуағын төккен күнмен, арайлап атқан таңмен және тобымызға келген қонақтармен шаттық шеңберін жасап сәлемдесеміз. Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын шуақ торатты

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң апайлар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Балалар шеңбер болып тұрып өлең жолдарымен орындап сәлемдеседі.

Өлең жолдарына қимыл жасайды.

 

Ұйымдастырушы ізденуші

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді ойынмен бастаймыз.

«Сыйқырлы пішіндер» ойыны. Ойын шарты: Тақтада ілінген пішіндерді таңдап артында жасырынып тұрған суретті тауып сипаттау. Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы міне осы Күз мезгілі жайында болмақ.

Сұрақ - жауап

- Сонымен балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінің айларын айтамыз?

- Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?

Жарайсыңдар балалар!

Ғажайып сәт:
Есік қағылып топқа Күз ханшайымы кіреді.
- Балалар қараңдаршы бізге қонаққа күз ханшайымы келіпті қанеки бәріміз күз ханшайымымен сәлемдесеміз.
Балалар мен сендермен екінші рет кездескеніме қуаныштымын мен сендермен қазан айында "Алтын күз" ертеңгілігінде кездескен болатынмын ол кезде сендердің өнерлеріңді тамашалағанмын енді сендердің білімдеріңді бақылау үшін келдім және құр келмедім сендерге тапсырмамды ала келдім. Міне бұл тапсырманы тәрбиеші апай сізге тапсырамын.
Тәрбиеші: Хош келдіңіз күз ханшайымы біздің балалар сізді көргеніне қуанып отыр, балалардың жанынан орын алыңыз.
Тәрбиеші: Балалар енді мен күз ханшайымының тапсырмасын оқимын. Бірінші тапсырмасы мақал-мәтел екен балалар.

Жарайсыңдар балалар сендер мақал-мәтелді жақсы біледі екенсіңдер енді екінші тапсырмамызды оқимын, екінші тапсырмамыз ойын екен.
2 тапсырма
Көкөністер мен жемістерді санмен сәйкестендіру.
Жарайсыңдар балалар енді үшінші тапсырмамызды орындамас бұрын денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Желкілдеген желменен
Жел егінді тербеген
Өсірді оны дихандар
Тамшылаған терменен
Жарайсыңдар балалар!
3 Тапсырма.
Шығармашылық сәт.
Балалар енді үшінші тапсырмамыз шығармашылық сәт екен. Күз ханшайымы өзіне сендерден сыйлық жасап берулеріңді өтініпті.
1- Орталық.
Күзгі ағашты триз технологиясы бойынша дәнді дақылдармен безендіреміз.
2- Орталық.
Көкөністер мен жемістерді дәстүрден тыс сурет салу бойынша жіппен сәндейді.
3- Орталық.
Дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы бүгін балалар көбіктің бетіне қылқаламмен акварель бояумен күннің бейнесін салады.
Күз ханшайымы: Балалар сендердің білімдеріңді көріп көңілім толды маған жасаған сыйлықтарың ұнады енді мен жолға шығайын көріскенше сау болыңдар.

Ойын шартын мұқият тыңдап қызыға қатысады.

Төрт жыл мезгілі бар. Күз мезгілі.

Қыркүйек, қазан, қараша.

Күзде күн салқын болады, ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Балалар таң қалып қарайды.

Үш тілде сәлемдеседі.

Алмат

Көктемдегі әрекет, күзгі берекет.

Айару

Егіндікті күз суар
Күз суарсаң жүз суар.

Іңкәр

Күз береке байлықтың бастауы.

Ханшайым

Көктемде бір дән
Күздің күні мың дән.

Балалар қызыға ойнайды.

Қимыл қозғалыс жасайды.

Балалармен қызығушылықпен жұмыс жасайды

 

Рефлексивті түзету

- Балалар бүгін біз қандай ойын ойнадық?

- Бізге қонаққа кім келді?

- Күз ханшайымына қандай сыйлықтар жасап бердік?

- Қандай сезімде болдыңыздар?

Сиқырлы пішіндер.

Күз ханшайымы.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз мезгілі туралы.

Игереді: Тапсырмаларды дұрыс, толық орындауды.

Меңгереді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін.

Авторы
Пернебаева Фариза Жолбарысқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 893 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым