Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар!......... І кіші тобының «Күз кереметі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады.Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.
/күз ханшайымы келеді/
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!
Ырысқа толы қоймалар,
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртын майланар.
· Сендер мені шақырдыңдар ма?
жүргізуші:: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Ия, күз ханшайымы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.
-Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де тамаша, жақсы көңіл күймен қонағымызға ән салып берейік.
Ән: «Күзгі жапырақтар»
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер. Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Алтын күз мерекесі.
Күз ханшайымы: Дұрыс айтасыңдар. Айнала сап – сары жапыраққа толы екен. Балалар сендер күз туралы, көкөніс, жеміс – жидек туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.
жүргізуші:: Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, би билеуді, тақпақта айта алады.Қәне, балалар күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік.
Адель:
Осень, осень, погоди!
И с дождями не спеши,
Дай еще нам лета,
Солнышка и света
Жемістер:
Дамили:
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім
Аружан:
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын
Сұлтан:
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім
Мансур:
Өрікпін, мен өрікпін
Бау – бақшаға көрікпін
Жанерке:
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
жүргізуші:: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер.Қараңдаршы балалар, мына жерде көптеген жапырақтар бар екен:
Ендеше, «Жапырақ жинау» ойынын ойнайық.
Ойын шарты: Екі топқа бөлініп жапырақтарды себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
жүргізуші: Мерекемізді жалғыстыра отырып,қыздардың биіне кезек берейік.
Би: «Жапырақтар»
жүргізуші: Жемістер жақсы етіп тақпақтарын айтты.Көкөністерде сендерде өз өнерлерінді көрсетіңдерші.
Көкөністер:
Аян:
Өсіретін бойынды
Дамытатын ойыңды
Рамазан,Алишер
Картоп біздің атамыз
Жер астында жатырмыз
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар. Сендер жапырақ жинау ойының жақсы ойнадыңдар. Менімен «Күн мен жаңбыр» ойының ойнауға дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия ,дайынбыз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер.Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым.Ал, балалар мен кетейін.Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз, күз ханшайымы!
жүргізуші:: Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Жаңбыр жауады, күн салқын болады, жапырақтар сары болады.
жүргізуші:: Дұрыс айтасыңдар, жапырақ сары түске боялып жерге түседі,адамдар қалың киініп жылы жүреді.Балалар қараңдаршы орманда саңырауқұлақтар көп екен.Олар үлкен боп өсіп келеді.Алыстан бізге саңырауқұлақ билеп келе жатыр.
Саңырауқұлақ: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен саңырауқұлақпын.Сендер менің кішкентай саңырауқұлақтарымды көрген жоқсыңдар ма? ( айналаны қарап жүреді)
жүргізуші: Сәлеметсіз бе, саңырауқұлақ мырза.Әрине көрдік олар осында бізбен бірге алтын күз мерекесін тойлап жатыр.
Саңырауқұлақ: Балалар сендерге көп рахмет.Менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер.Мен өз ризашылығымды білдіріп сыйлығымды ала келдім, апайларыңа берейін.Қәнекей, мен сендерге кішкентай саңырауқұлақтарыммен би билеп берейін.
Би: «Саңырауқұлақтар»
жүргізуші:: Саңырауқұлақтар сендер әдемі билеп бердіңдер.Сендерге арнап біздің балалар ән салады.
Ән: «Жемістер»
Саңырауқұлақ: Балалар менің көңілімді көтеріп ән айтып, би билеп,менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер сендерге көп – көп рахмет.Келесі кездескенше сау болыңдар!
жүргізуші: Біздің балалар әрқашан көмектесуге дайын тұрады.Алтын күз мерекесін бізбен бірге тойлағандарыңызға рахмет.Сау болыңыз!
жүргізуші: Күз кереметі атты ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға көп рахмет.
Сау болыңыздар!
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
Автор
Джумахаева Светлана Тулеуовна II-санатты