Шошқа сіздей жерде, тазы мендей жерде
1 мин оқу
Ертеде бір мүсәпір қарт байдың үйіне келсе, жұрт жиылып, той боп жатыр екен. Менменсіген бай оған жасың үлкен еді, төрге шық демепті.
Сонда қарт тұрып:
—Ойпырай, байеке, жаңа ауылдан шыққанымда, алдымнан бір шошқа тұра кеп қашқаны. Дереу қасымдағы тазымды қостым да жібердім. Тазым да жүйрік еді, дегенмен шошқа да желаяқ екен,—деген кезде, бай елең етіп:
—Я, тазың қуып жетті ме?—деп сұрайды.
Сонда қарт оған:
—Жоқ, байеке, шошқа дәл ана сіздей жерде, тазы дәл мына мендей жерде отырды,—деген екен.