Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Не кеңірдек кетті

1 мин оқу

Бір тентек адам әруақыт аста, тойда ұрыс-керіс, төбелес шығарып, ойын-сауықтың берекесін кетіреді екен.

Бір тойдың иесі тойын бастардан бұрын әлгі тентекті шақырып алып:

—Азаматым, осы тойда тек жүр: ұрыс-керіс шығарма. Тыныш жүрсең, той тарқаған соң ат мінгізем, шапан кигізем,— депті.

Тентек оған көніпті, тойда ұрыс-керіс шығармай, тыныш жүріпті. Той тарқаған соң келіп, той иесінен уәде еткен ат, шапанын сұрапты.

Той иесі:

—Ол атың астыңда, шапаның үстіңде. Егер мен тек жүр демесем, сен бұрынғы әдетіңше, ұрсысып, төбелесіп, шапаныңды жыртып, шапансыз қалар едің, атыңды айыпқа берген болар едің, мен айтқан соң тек жүрдің: шапаның бүтін, атың астыңда. Сол менің саған берген ат-шапаным емес пе?— депті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз