Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Күй құдіреті

Bilimger Media
2 мин оқу 158 оқылым

"Күй-құдірет,күй-кие"

Ия,шынымен күй-сені бөлек әлемге еліктіріп, мына бір күйбең тіршіліктің ауыр құрсауынан аз уақытқа болсын босауына көмек берер ұлы күш.Расымен де,күй біздің қазақ халқымыз үшін Тәңірі сыйлаған ең қымбат сыйы.Қазақ қуанса да, қапаланса да домбыраға қол созған, күймен жұбанған халық.Қай заман болмасын,қасиетті домбырасы арқылы шерткен күй,қазақтың,одан кейін перзенттерінің қорғаны болғанын да тамыры терең біткен тарихымыздан аңғара аламыз.Қазақ күйінің табиғатына тымырсық пен қапас,ақиқат пен шындық жатыр.Ол – түптен таза тұнық тұма тәрізді.

Күй – халықтың жаны дейтініміз де сондықтан шығар.Айта кеткеніміздей,күй адамға тіл бітіре алатындай күшке ие құдірет.Өз ойымен таласқа түсіп,шимайланған жіптей тығырыққа тірелген сәтте,жанына қуат беріп,сөзбен емес үнмен сырынды ұқтыра алатын міне,осы күй.Осыған мысал ретінде,Тәттімбет күйшінің "Көкейкесті" күйі туралы аңызды айта кетейін.Бұл күй  Тәттімбеттің көңіл түкпірінен орын алатын күрделі шығармаларының бірі болып саналады.«Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда күйші бастан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында өтелген-өтелмеген парызын ой таразысына салады да, өзінен-өзі мұңға батады. Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым-ау деп ширығады, жанарына ыстық жас үйіріледі. Мұңдас-сырлас дос-жарандарының хал-жайын ойлайды. Сөйтіп толғанып жатқанда елдің бір топ азаматы келіп көңілін серпілткісі келеді. Тәттімбет күйлерінің ел арасына таралғанын, мұрагер шәкірттерінің көбейіп келе жатқанын әңгімеге арқау етеді. Бірақ Тәттімбет өз арманының әлі орындалмағанын ойлап, іштей назаланады. Осы тұста күй толғағысы келіп, домбырасына қол созады. Отырғандар жүкке сүйеулі тұрған қоңыр домбырасын қолына ұстатады. Тәттімбет жастығын биіктетіп, домбырасын кеудесіне сүйеп, шалқалап жатып, сыры терең толғанысты бір күй тартады. Күңіренген күй әуені отырғандардың сай-сүйегін сырқыратады. – Бұл күйіңізді жаңа естіп отырмыз. Қандай күй болды екен? – деп сұрайды. Сонда Тәттімбет: – «Көкейкесті» болсын, – деген екен». «Көкейкестінің» шығу тарихы осындай екен деседі тарих беттері.Міне,көріп отырғанымыздай бұл күй Тәттімбеттің көкейінде өзіңе маза бермей жүрген ойларынан арылтқан жалғыз дертке дауа ем болған.Өзінің ғұмыр жолында істеген,істемеген,жеткен,жетпеген мақсаттары мен істері күйшінің жанын іштей жеп,өмірлік жасын одан әрмең тоздырған болатын.Сол сәтте,қолына қоңыр домбырасын алып,күңіренген үн арқылы өзінің сырын ашып,ақиқатты жұртшылыққа көрсетеді.Ауызбен айта алмаған пайым,осы бір күй үні көмегімен бүкілінің түйсігіне еніп,күйші жанын ұғынған көптің бойын бір түршіктіреді.
<span;>Күй арқылы Тәттімбет өз өміріне есеп бере алса, басқалары күй үнінен мәні терең заттарды ұғынып, шындыққа көздері жетті.

Жалпылай айтатын болсам,күйді бір сөзбен суреттеп айту мүмкін емес.Себебі,ол мына дүние мен тарихтың сырын сақтаушы,оны келешек ұрпаққа жеткізуші.Өліні тірілтіп,жоқты да бар қылып жүргенде осы күй.Дертке дауа болып,қайғыдан арылтып, жанды тыныштыққа апарып жүрген күйдің маңызы да қасиеті де зор.Баршасы айтып келе жатқан "Күй құдіреті "осында жатыр емес пе?!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым