Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АТА-АНА

Бозаева Р.К.
2 мин оқу 876 оқылым

Бозаева Р.К.

Құрметті ата-аналар!

Брошюрада критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін түсінуге көмек ретінде Сіздер үшін қысқаша ақпарат ұсынылып отыр.

Оқушылардың мектепте білім алуы олардың сабақ оқуына, жан-жақты дамуына бағытталған. Баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады. Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай оқушының дамуына, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын жоғарылатуға бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізілмек. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата-анасына түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау критерийлері бекітілген.

Нақты бағалау критерийлерінің көмегімен оқушы, ата-ана және мұғалім келесілерді түсінуге мүмкіндік алады:

  • Оқушы білім алудың қай сатысында
  • Сабақ оқуда олар неге талпынады
  • Оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу қажет

Ата-аналардың баланың оқуына қатысуы және оны үнемі қолдап отыруы оқуда жетістіктерге жетелейтінін есте сақтағаныңыз жөн!

4

АТА-АНАҒА НЕНІ БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ

Бағалау мектепте критерийлер

негізінде жүргізіледі.

Бағалау критерийлері сіздің

балаңыздың нені білуі және істеуі

қажет екенін көрсетеді.

Мысалы, оқушы:

  • жиын элементтерінің ортақ белгілерін анықтай отырып, біріктіреді;
  • жазық және кеңістік фигураларды ажыратады.

Мектепте бағалаудың екі түрі қолданылады5

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Оқушыларға өз оқуын жақсарту туралы кері байланысты (пікірлер мен ұсыныстар) беру мақсатында қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалау барысында сіздің балаңызға баға қойылмайды.

Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау

Өзара бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Өзін-өзі бағалау

Мұғалімнің кері байланысына назар аударып, оқуда нәтижелерге қол жеткізу үшін балаңызға қолдау көрсетуіңіз өте маңызды. Бұл оқудағы олқылықтардың алдын алуға және жиынтық бағалауға дайындалуға өз септігін тигізеді. 6

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі:

  • оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін (бөлім бойынша жиынтық бағалау);
  • тоқсан аяғында (тоқсандық жиынтық бағалау).

Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады. Бұл үшін келесі шәкіл қолданылады:

Жиынтық

бағалау

балдарының пайыздық

құрамы

Бағалау

көрсеткіштері

Баға
0 % Бағаланбады «1»
1%-20% Қанағаттанғысыз «2»
21%-50% Қанағаттанарлық «3»
51%-80% Жақсы «4»
81%-100% Өте жақсы «5»

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бозаева Р.К.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 145 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым