Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Көңілді сайқымазақ»

Кощанова Алия Оңдашбаевна
2 мин оқу 473 оқылым

Білім беру саласы:«Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «КМҰҚ»

Тақырыбы: «Көңілді сайқымазақ»

Мақсаты: Балаларды ұзын, қысқа, ұзындықтары бірдей сөздерін пайдаланып, ұзындықтары бойынша екі затты салыстыру әдістерімен таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Пішінді ата» 

Мақсаты: Шаршы, дөңгелек геометриялық пішіндерді бекіту.

Дидактикалық ойын: «Сенде соны көрсет» 

Мақсаты: Тәрбиеші көрсеткен геометриялық пішіндерді (шаршы, дөңгелек) тез тауып көрсетіп, оның пішінін атауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, тосын сәт

Көрнекі құралдар: сиқырлы қорапша, үш түсті, ұзындықтары әртүрлі ленталар.

Үлестірмелі құралдар: пішіндер (шаршы, дөңгелек).

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды оқу қызметіне ұйымдастыру.       Тосын сәт: Сайқымазақ кіреді.

Сайқымазақтың не үшін келгенін білгісі келеді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Сайқымазақ:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен түрлі сиқырлар жасағанды жақсы көремін. Менің қолымда сиқырлы қорапша бар. Егер сиқырлы қорапшаға үрлесе, ғажайып сиқырлар болады. Қане, сен үпірші.

- Балалар, сиқырлы қорапшадан нелер шықты?

Ленталардың ұзындықтарын беттестіру арқылы өлшейміз..

- Ұзындықтары қандай?

- Қайсы лента ұзын? .

- Қайсысы қысқа?

- Міне біз ұзын-қысқаны салыстыру арқылы білдік.

- Мына лентаның түсі қандай?

- Енді сары мен жасыл ленталарды салыстырайық.

- Ұзындықтары қандай?

Дұрыс айтасыңдар, себебі екі лентаның да ұшта-ры бірдей болып тұр. Бұларды біз «ұзындықтары бірдей» дейміз.

Сергіту сәті: 

Бала-бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай- былай ойнат.

Дидактикалық ойын: «Сенде соны көрсет» 

Ойынның шарты: балаларға шаршы, дөңгелек пішіндері таратылады. Сайқымазақ қорапшадан алып көрсеткен пішінді балалар тез алдарынан тауып, көрсетеді және атайды.

Сайқымазақ:

- Балалар, сендер көп білетін, тапқыр балалар екенсіңдер. Рахмет.

Сайқымазақпен амандасады. Сиқырлы қорапшада не бар екенін білгісі келеді.

Балалар қорапшаны үрлеген кезде түрлі-түсті (қызыл, жасыл, сары) ленталар шығады.

- Ленталар шықты.

- Әр түрлі

- Қызыл лента.

- Сары лента.

- Жасыл.

- Екі лентаның ұзындықтары бірдей.

Сергіту сәтін орындайды.

Пішіндерді көрсетеді.

Рефлексивті

түзетушілік

- Сайқымазақ біздерге не көрсеті?

- Ұзындықтары қандай?

- Қайсы лента ұзын?

- Ленталардың түстері қандай?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсындар.

Балаларды мадақтау.

- Сиқыр көрсетті. Қорапшадан ленталар шықты.

-Әр түрлі.

- Қызыл лента ұзын.

- Қызыл, сары, жасыл.

Күтілетін  нәтиже:                                                                                                                                                        

Білу керек: Балаларды ұзындықтары ұзын, қысқа, ұзындықтары бірдей сөздерін пайдалану.

Болу керек: Баланың қызығушылығы болуы керек

Баланың қолынан келу керек: Заттарды беттестіріп ұзындықтарын өлшеу, пішіндерді танып біледі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кощанова Алия Оңдашбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 313 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым