Мазмұнға өту

Көңілді көжектер мен қонжықтар

Азизова Жаухар 3 мин оқу 845 оқылым

Азизова  Жаухар

Білім беру саласы: Таным,коммуникативтік,шығармашылық,денсаулық,әлеуметтік саласы

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Көңілді көжектер мен қонжықтар

Мақсаты:

Білімділік: Кюизенер таяқшаларымен  ойын ретінде таныстыруды жалғастыру, геометриялық фигураларды көлемдік геометриялық пішіндермен салыстыра білуді бекіту заттардың негізгі белгілерін атау:

Дамытушылық: гүлдер, пішін қалыңдық шамасын; таяқшалардың пяткасынан баспалдақты қою, таяқшаларды қолданба тәсілімен салыстыру (ұзын қысқа және қысқа, ең қысқа) дамыту;

Тәрбиелік:Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы Қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту;логикалық ойлауды,көзбен есте сақтауды дамыту, назар аудару: тәрбиелік: әр түрлі бейнелер арқылы қайырымдылыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу-бөтен адамның қайғысына жақыннан өту ,қажет болған жағдайда жолдастарына көмектесу

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,үйрету, көрсету, тосын сәт, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойындар

Құрал-жабдықтары: кюизинер таяқшалары,қыстырғыштар,пішідер

Көрнекіліктері: аю мен қоянның суреттері,күз мезгіліннің суреті.

Билингвальді  компонент: қоян-заец- hare ,аю-медведь- bear, түлкі-лиса- fox

Бірінші кезең: Ұйымдастырушылық

Балалар орнымыздан тұрып қонақтармен амандасып алайық.

Енді жылулық шеңберіне тұрайық

Шаттық шеңбері:

Ашық менің жүрегім

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап бір жүрер

Достарым көп, білемін!

Көңіл-күйімізді көтеріп алдық

Балалар қонақтармен амандасамыз?

Балалар: Сәлеметсіздер ме?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде ауа райы қандай өзгерістер болады?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Жаңбырдың дыбысын салайықшы?

-Желдің дыбысын?

Есік қағылады пошташы хат  әкелді.Бүгін бізге хат келді.Қалай ойлайсыңдар,кімнен келді ?

Жұмбақтар жасырады.

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі-лиса- fox)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.  (Қоян-заяц- hare)

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (Аю-медведь- bear)

-Ия сендер дұрыс айтасыңдар мына хат қоян пен аю  келген екен.

Олар бізге қонаққа келмекші.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Қоян: Балалар маған келгендеріңе өте қуаныштымын.Менің үлкен және әдемі үйімнің қандай  екенін қараңыздар.

Сендерге  ұнайды ма ?

Балалар: Ия

Онда бәрі бар: шатыр да, терезе да, баспалдақта ,  есік де, Мен онда жайлы өмір сүремін!

Балалар білесіңдер ме? Менің үйімде бәрі бар.Ал достарымның үйі әлі толық бітпеген оларда баспалдақ жоқ.Сендер менің достарыма  көмектесесіңдер ме? Қоян балаларға достарының үйін көрсетеді.

Жүргізуші: Сен қорықпа қоян біздің балалар қуана сенің достарыңа көмектеседі.

 Кюзинер таяқшалары арқылы қоянның  достарына баспалдақ құрастырып береді?

Балалар құрылысты бұзады,саты ұзындығын анықтайды, сөздерді білдіреді: (ұзын,қысқа ең қысқа)

Қоян: Балалар сендерге көп рахмет,менің достарыма көмектестіңдер.

Тәрбиеші: Балалар қоян туралы кім тақпақ біледі.

Мұххаммедияр

Ақ қоян-ау,ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян,

Еңлік

Ұзын құлақ сұр қоян,
естіп қалып ыбдырды.
Ойлы - қырлы жерермен,
Ытқып - ытқып жүгірді

Жүргізуші: Біз қоянға көмектестік

Жүргізуші: Аю саған не болды неге көңіл-күйін жоқ.

Аю: Мен орманда мынадай қорапшалар тауып алдым.Бірақ мен орынын тауып салу қолымнан келмеді.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: Сәйкес пішіндерін тап?

Мақсаты: Балаларға пішіндерді орнын таба білуге үйрету.пішіндерді орнына салу арқылы ойлау қабілетін арттыру.

Шарты: Әр жануардың алдында әр түрлі пішіндер бар,сол пішіндерді орнына салу

Аю: Балаларға өзінің достарына көмектескені үшін алғысын айтады.

Димаш
Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Дидактикалық ойын: Аю мен көжекті әсемдейік

Мақсаты: Аю мен көжекті резенке арзылы әсемдей отырып түстерін ажыратуды дағдыландыру.ой-өрісін арттыру.

Санамақ:

Інжу:

Бір-дегенім бесік

Шықтық содан өсіп

Таңсұлу

Екі дегенім Елім

Далам тауым көгім

Алима

Үш дегенім уміт

Үміт артар жігіт

Қорытынды:

- Балалар сендерге тапсырмалар ұнады ма?

-біз қайда бардық?

-Кімдерді кездестірдік?

Күтілетін нәтиже :

Түсінеді: Фигураның негізгі түстері:жыл мезгілінің тән ерекшеліктері,жыл атауларын

Қолдана алады: геометриялық фигуралардың көлемдік геометриялық пішіндерге сәйкестігі: көлемді геометриялық фигуралардың тән ерекшеліктерін қолдана алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Азизова Жаухар

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин