Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Көктем келді

Рахманова Нафиса Сайдалиевна
3 мин оқу 498 оқылым

Рахманова  Нафиса Сайдалиевна

Мақсаты:  Ата – анамен  балабақша  арасындағы  қарым – қатынасты  нығайту,  шығармашылық  қиялын  дамыта  отырып,  іскерлікке,  шеберлікке  баулу.

1 – жүргізуші:  Құрметті  қонақтар!  Бүгінгі  таңда  балабақшамыздағы  балаларымыздың  ата – аналары  арасында  ұйымдастырылып  отырған  сайысына  қош  келдіңіздер!  Сайысымызды  бастауға  рұқсат  етіңіздер.  Бүгінгі  сайысымызға  «Ақжелкен»  және  «Бәйтерек»  тобының  құрметті  аналары,  жүйріктері,  білгірлері  қатысуда.  Сайысымызды  өткізуден  мақсатымыз:  балабақша  мен  ата – аналар  ортасында  мықты  нақты,  мызғымас  қарым – қатынас  орнату.  Аналарымыз  өз  өнерлерін  бүгінгі  сайыста  ортаға  салады.  «Ақжелкен»  тобының  аналары  «Қызғалдақ»  тобы,  «Бәйтерек»  тобының  аналары  «Қарлығаш»  тобы  болып  сіздерге  тамаша,  көтеріңкі  көңіл – күй  сыйлайды  деген  сенім  білдіреміз.  Аналарымыз  өз  топтары  үшін  бір  жағадан   бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  жеңіс  үшін  атсалысады.  Аналарымыз  өз  балалары  үшін  барлық  нәрсеге  дайын  тұрады.  Балаларына  деген  махаббатын,  мейірімін,  сүйіспеншілігін  осы  сайыс  арқылы  көрсетеді.  Ал,  ардақты  да   аяулы  аналар,  сіздерге ақ  ақ   жол,  сәттілік   серіктеріңіз  болсын!

2 – жүргізуші: «Ақжелкен»  тобының  қатысушы  аналары  таныс  болыңыздар:

  1. Исмаилова Шохсанам.
  2. Мусаева Нилуфар.
  3. Исаева Мохичехра.

«Бәйтерек»  тобының  қатысушы  аналары  таныс  болыңыздар:

  1. Халтаева Зиеда.
  2. Хамрақулова Севара.
  3. Султанова Дилдора.

1 – жүргізуші:

Қазылар  орнықтырар  әділдікті,

Кімдердің  жауаптары  кәміл шықты.

Өнер  мен  шеберліктің  сайысында,

«Жеңіске  жетер»  дейміз  нағыз  мықты – деп   сайысымыздың  әділ  бағаларын  беретін  әділ  қазылар  алқасымен  таныстырып  өтейік.

2 – жүргізуші: 

  1. Балабақшамыздың меңгерушісі:  Ю. Фахриддинова.
  2. Балабақшамыздың әдіскері:  А. Бимурзаева.
  3. Хатшы: М. Ештаева.

1 – жүргізуші:  4  бөлімнен  тұратын  сайысымыздың  барысымен  таныс  болыңыздар:

  1. «Сәлем сөздің - анасы»  (топты  таныстыру 3 – 5 мин.)
  2. «Ас – адамның арқауы»  (аналар  1 салат  жасап,  қорғайды 8 мин.)
  3. «Қол өнері – ой  өнері»  (өздерінің  қолдарымен  жасаған  бұйымдарды   көрсету,  қорғау  3 мин.)
  4. Еркін тақырып.

2 – жүргізуші:  Алғашқы  сайысымыз  «Сәлем  сөздің - анасы»

Өнер  қуып  сайыскерлер  өтер  деймін,

Бір  басына  өнер,  білім  жетер  деймін.

Бәске  түскен  сайыскерлер  кезектесіп,

Топтарын  таныстырып  өтсе  деймін.

«Қызғалдақ»  және  «Қарлығаш»  топтары  өздерінің  топтарын  таныстырады.

1 – жүргізуші:  Ендігі  кезек  «Ас – адамның  арқауы»  сайысымызда  аналар  салат  жасап,  аттарын  айтын,  қорғайды.

Ал  енді  ортаға  салат  жасайтын  екі  топтың  аналарын  шақырсақ.

Күттіріп  келген  жыл  басы,

Бізбен  бірге  жырлашы.

Дастарханына  елімнің,

Береке – ырыс  сыйлашы.

Аналарымыз  салаттарын  дайындап   болғанға  дейін  «Бұлбұл»  тобы  балаларының  «Хоразм»  биін  тамашалайық.

Әділ  қазы  алқасының  сайыскерлерге  қойған  бағаларын  тыңдайық.

«Қызғалдақ» тобының  алған  бағалары.

«Қарлығаш» тобының  алған  бағалары.

2 – жүргізуші:  Ендігі  сайысымыз  «Қол  өнері – ой  өнері». Бұл  шартымызда  аналарымыздың  үйде  жасап  келген  дайын  қол өнері  көрсетіледі  және  қол  өнерлері  түсіндіріліп  қорғалады.

Әділ  қазылар  әділ  бағасын  берсеңіздер.

1 – жүргізуші:  Сайысымыздың   келесі  шарты  еркін  тақырып.  Ортаға  «Қызғалдак» тобының  қатысушысын  шақырамыз.   Исмаилова  Ш. (мәнерлеп  оқу)

Ал  енді  ортаға  «Қарлығаш»  тобының  қатысушыларын  шақырамыз.  ( Би )

2 – жүргізуші: 

Демеңіз  біз  өнерді  аяп  қояды,

Уақыт  біраз  жерге  таяп  қалды.

Көріскенше,  қош  - сау  болып  тұрыңыздар,

Сайысымыз  осымен  аяқталды.

Марапаттау  үшін  сөз  кезегін  әділ  қазыларға  берсек.

Сайыс  осымен  өз  мәресіне  жетті,  келіп  қатысып  тамашалағандарыңыз  үшін  рахмет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Рахманова Нафиса Сайдалиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым