Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жемістер мен көкөністер: балабақшадағы сабақ жоспары

Ақкенже
4 мин оқу 608 оқылым

Жемістер мен көкөністер: балабақшадағы сабақ жоспары

Бұл сабақ жоспары балаларға жеміс пен көкөністі ажыратуды, олардың қайда өсетінін және денсаулыққа пайдасын түсінуді үйретеді. Жемістер мен көкөністер балабақшада ойын, жұмбақ және әңгімелеу арқылы таныстырылады. Тәрбиеші материалды топтың жас ерекшелігіне қарай ықшамдап қолдана алады.

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерге түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.

Іс-әрекет түрлері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту Шаттық шеңбері:

Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен. Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік

Қазір жылдың қай мезгілі?
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?
Жиі жиі не жауады?
Күз туралы кім тақпақ айтып береді. Сап сары маңай
Сап сары тоғай
Күз түсті , дән пісті. Айтамыз алғысты.
Алтын сары қызыл көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы болмақ. Дайынсыңдар ма? Жұмбақ: Өзі бақта өседі? Ол не?

Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым.
Сонымен, балалар бүгінгі оқу қызметіміздің: Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.

Ғажайып сәт. Бағбан:
Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз.
Көкөністер. Сәбіздің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.
Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.
Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.
Ал, енді балалар мен сендерге жемістер мен көгөністер туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ:
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от.
Ішін ашып қарасаң,
Майда майда қызыл шоқ. \анар\

Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. \пияз\

Қимылды және дидактикалық ойындар

1 - тапсырма: «Қайда өседі?» ойыны. Тәрбиеші жеміс - жидектердің қайда өсетінін айтып отырады. Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аяқтарымен жерді соғып, бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болса, қолдарын шапалақтап, бастарын изейді.

Сергіту сәті...

Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айту.
*Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.* Шие

Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым. Қырқабат.

Жемістер мен көкөністерді ажырату

2-тапсырма. «Жемістер мен көгөністерді ажырат» деген ойын ойнайық.

Шарты:Балалар жеміспен көгөністерді ажырата білуі керек. Екі себетке бөлек- бөлек орналастыруы керек.
Бүгінгі оқу қызметіміздің қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек алып қоюмыз керек.
Күз
Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды.
Жаңбыр.

/Жанайым/

/Алдияр/

Балалар мұқият тыңдайды.

/көгөністер/

\жеміс\

Қимыл-қозғалыстар арқылы жасайды.

Мөлдір

Рухия

Сабақты қорытындылау және бағалау

Рефлексивті – түзетушілік Сонымен бүгін біз не туралы өттік?
Жемістер мен көкөністер туралы.
Олардың бізге пайдасы бар ма?
Дұрыс айтасыңдар.

Алманы жеміске ме, әлде көкөніске жатқызамыз ба?
Қауынды ше?
Құрамында не бар екен. \дәрумендер\
Жемістерді жумай жеуге бола ма? \жоқ, іш ауырады\
Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар.
Балаларды мақтап мадақтау.

Сұрақтарға жауап
береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жемістер мен көкөністерді ажырата білуі;

Игерді:Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін;

Меңгерді: Көрнекілік суреттерді пайдалана білуі және әңгімелеу керек.

Сабақты өткізуге арналған қысқа кеңестер

Сабаққа алдын ала жеміс-көкөніс муляждарын немесе анық суреттерді дайындаңыз. Балаларға атауын айтқызып қана қоймай, түсін, пішінін, дәмін сипаттатыңыз. «Қайда өседі?» ойынында бақшада және ағашта өсетіндерді салыстыруға болады. Қауіпсіздік үшін тағамды дәмін татқызбас бұрын аллергияны ескеріп, жемістерді жуудың маңызын түсіндіріңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабақтың негізгі мақсаты қандай?

Балалар жеміс пен көкөністі ажыратып, атауын дұрыс айтуға және олардың өсу ортасын білуге үйренеді.

Қандай көрнекілік қолдануға болады?

Нақты жеміс-көкөністерді, муляждарды, суретті карточкаларды және екі себетті пайдалануға болады.

Сабақты қалай бекітуге болады?

Балаларға заттарды екі топқа бөлдіріп, атауын және қайда өсетінін айтқызыңыз.

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 6 қазан 2026, 08:32

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Ақкенже

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым