Мазмұнға өту

Кітап көрмесі

Елназ 2 мин оқу 40 оқылым

Елназ Керімтай

20.11.24 күні Алматы қаласындағы Атакент Қазақстан іскерлік-ынтымақтастық орталығында «Ұлы Жібек жолымен» XII Халықаралық Кітап және полиграфия көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Атамұра» баспасында екі тілде қайта басылған «Менің атым Қожа» және «Балалық шаққа саяхат» атты кітаптарының тұсау кесері өтті. Тұсаукесерге белгілі журналист Қайнар Олжай, талантты жазушы Әлібек Асқар, ақын Серік Қалиев, сатирик Ермахан Шайхы және «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс сияқты қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып, кітаптардың тұсауын кесті. «Менің атым Қожа» кітабының мұқабасын суретші Досбол Қасымов, ал «Балалық шаққа саяхат» шығармасының мұқабасын суретші Мейіржан Нұрғожин тапсырыспен көркемдеген екен. Кітаптардың тұсаукесері тек әдебиет сүйер қауымды ғана емес, сонымен қатар көркемдік дизайнды бағалай білетіндерді де бірдей қызықтырды. Шынында да, кітап дизайны ерекше көзге түсіп, оқырман назарын бірден өзіне аударды. Жаңа форматтағы басылымдардың сапасы жоғары, иллюстрациялар мен полиграфиялық жұмыстардың деңгейі таң қалдырды. Бұл кітаптардың халық ризашылығына бөленуі тегін емес. Жаңашыл дизайнмен қайта басылып шығуы, сөзсіз, қазақ кітап әлеміне жаңа серпін береді деп сенемін. Іс-шараның соңында қатысушылар екі тілде басылып шыққан кітаптардың маңыздылығын атап өтіп, олардың болашақ ұрпақтың тәрбиесіндегі рөлін баса айтты.

Көрмеге «Дәуір» баспасы, «Атамұра», «Астана», «Мектеп», «ҚР кітап палатасы», «Алматыкітап», «Мазмұндама», «Алқа», «Дарын» және тағы да басқа баспалар қатысып, келушілерге кең таңдау ұсынды.

Жас оқырмандар үшін арнайы бөлімдер ұйымдастырылды, онда балаларға арналған кітаптардың кең таңдауы көрсетілді.

Маған қатты ұнаған сөре «Ерекше адамдарға – ерекше кітаптар». Бұл сөреде көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған, сөздері брайль әліпбиімен жазылған кітаптар ұсынылды. Осы арнайы кітаптардағы сөздерді саусақпен ұстап, сезініп оқуға болады. Бұл ерекше оқу тәсілін меңгерген адамдарға арналған. «Менің атым Қожа» және «Абай жолы» сияқты классикалық шығармалардың да брайль әліпбиімен жазылған нұсқалары ұсынылды. Уақытты үнемдегісі келетіндер үшін электронды нұсқалары да бар екенін атап өткен жөн. Бұл бастама кітаптарға қол жеткізуді кеңейтіп, оқу мәдениетін дамытуға үлес қосады.

Көрмеге кірген бойда келушілерді бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері қарсы алып, өздерінің оқу бағдарламаларын ұсынды. Оқу орындарының өкілдері болашақ студенттерге білім беру мекемелерінің ерекшеліктерін, ұсынатын мүмкіндіктерін, сондай-ақ, сапалы біліммен қатар, болашақтағы мансапқа жол ашатын бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Әрбір университет өз артықшылықтарын нақты мысалдармен көрсетіп, студенттердің табысты болашағына инвестиция салуға бағытталған қосымша мүмкіндіктерді атап өтті. Көрме өте қызықты және пайдалы өтті, болашақ студенттерге дұрыс таңдау жасауға көмектесті. Жәрмеңкеге келгендердің көңіл-күйі көтеріңкі болды. Кітаптың хош иісі, әдемі безендірілген стендтер мен көптеген адамдар кітап жәрмеңкесінің ерекше атмосферасын құрады. Бұл жәрмеңке тек кітап сатып алумен ғана емес, сонымен бірге жаңа білім алумен, жазушылармен танысумен есте қалды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Елназ

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин