Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Клара
3 мин оқу 79 оқылым

Жаңаөзен қалалық білім бөлімі

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК  тәрбиешісі

Гожыкова Клара

Білім беру саласы: Таным, Əлеумет

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Кішкентай достарымыз»

Мақсаты: адамдардың қамқорлығында өмір сүріп жатқан жануарлар туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Үй жануарларына күтім жасай білу дағдыларын; тəжірибе жұмыстарына қызығушылықтарын, нысандарды салыстыра білуін дамыту. «Жануарларға қамқор болу керек» деген көзқарастарын қалыптастыру. Сабаққа дайындық жұмыстары:əңгіме жүргізу; суреттер мен фотосуреттерді қарау; бейнетаспалар мен слайдтарды көру, үнтаспаларды тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жəне зерттеу жұмыстары, зерттеу мақсатындағы серуендерге шығу, тақпақтар жаттау.

Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар, интерактивті құрал, таспалар.

Сөздік жұмыс: мысық, ит, жүн, мұрты.

Билингвалды компонент: мысық – кошка

 

Әрекеттер    кезеңі

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Педагог балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Сұрақтар: Осы аталған жануарлардың қайсысы үй жануары, ал қайсысы жабайы жануарлар? Жануарлардың барлығы адам жанында тіршілік ете ме? Оларды қалай күтесіңдер? Сұрақтарға жауап алу арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын жəне мақсатын болжамдап тапқызады. – Бүгін біз үйде асырайтын жануарлар – мысық пен ит туралы əңгіме жүргіземіз. Оларды қалай күтіп-баптау қажеттігін айтамыз. Қайсысы нені жақсы көреді? – Күшіктер нені жақсы көреді? – Ет. – Көжектер нені жақсы көреді? – Жасыл, дəмді орамжапырақты жақсы көреді. – Марғаулар ше? – Сүт. – Ал қонжықтар ше? – Бал. – Балапандар нені жақсы көреді? – Тары. Үй жəне жабайы жануарларды атайды: Күшік, көжек, марғау – үй жануарлары. Қонжық, көжек – жабайы жануарлар. Кімнің үйінде қандай жануар бар екенін айтады.

Ізденуші ұйымдастыру

Балалардың назарларын əліппедəптердегі суретке аударады: сурет бойынша сұрақтар қояды. Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады. Педагог мысық туралы ақпарат береді: Мысықтың есту қабілеті өте жақсы. Ол өте əлсіз дыбысты ести алады. Сонан соң құлағын антенна сияқты көтеріп, дыбыстың тура қайдан естілгенін дəл табады. Мысық – жыртқыш. Өйткені ол тышқанмен қоректенеді. Мысық өте жақсы көреді. Оның мұрты да өте сезімтал. Мұртының арқасында түнде ешқандай затқа соқтықпай емін-еркін жүре алады. Мысық тазалықты жақсы көреді. Аяғымен үсті-басын сүртіп, өзінің иісін кетіріп тастайды. Жағдаят шешу: – Балалар, сендер мысықтың тілін түсінесіңдер ме? «Мысықты сал» ойыны. Мысық сияқты жүреді, жуынады, мияулайды. Педагог мысық туралы ақпарат береді: Ит – адамның досы. Ит шопандарға мал бағуға көмектеседі. Малды қайырады. Көзі көрмейтін адамдарға жол көрсетеді. Өрт сөндіруші иттер бар. Өрт ішінде қалған адамдарды құтқарады. Қауіпті қылмыскерлерді ұстауға да көмектеседі. Зерттеу жұмысы: ит пен мысықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. Қимыл-қозғалыс ойыны.

Өзекті сұрақтар: асыранды үй жануарларына қалай қарау керек? Егер үй жануарын күтіпбаптамаса, не болады? «Көңілді жəне мұңлы жануарлар» ойыны. (Педагог балаларды екі топқа бөледі). Сергіту сəті. «Үй жануарларын қоректендіреміз» (əліппедəптердегі тапсырмаларды орындайды). Үй жануарлары қандай ойындарды ойнағанды жақсы көреді? «Тағы не?» ойыны: атын атайды. Тағы бір нұсқасы: «Менің достарым» ойыны: балаларға суреттер таратады. Олар суреттегі жануардың атын атайды.

Сұрақтарға жауап береді, өздерінің пікірлерін айтады, сонымен қатар үйде тотықұс, атжалман, көжек, аквариумда балық ұстауға болатынын айтады. Мысық түрлері туралы бейнетаспа немесе слайдтар көреді. Мысалы: абиссин, британ, тай, сиам мысықтары. Болжамдап айтады: Мысық пырылдайды. Бұл мысықтың көңіл күйі жақсы дегенді білдіреді. Мысық мияулайды. Бұл мысықтың бір нəрсе сұрағанын немес адаммен амандасқанын білдіреді. Мысық аяқтарын бір-біріне сүйкелейді. Бұл рақмет айтқаны немесе бір нəрсе сұрағаны. Ым-ишарамен мысықтың қимылқозғалысын салады, мияулап дауысын салады. Суреттер мен слайдтарды көреді.
Рефлексті түзетуші Педагог қорытынды жасайды. Рефлексия: рефлексиянің əдістерінің бір тəсілін қолданады: Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты өсіп жетілгендерін көру: · отырып, тұрып, созылып. · Ым-ишарамен көрсету: Міне, тамаша! Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен топылдатыңдар! ҰОҚ барысында алған танымдық ақпараттарымен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

айтады: үйде асырайтын жануарлардың аттарын;

түсінеді: асыраған жануарларды қамқорлыққа алу қажеттігін;

қолданады: үй жануарларын күтіп-баптау дағдыларын өмірлік тəжірибеде.

Авторы
Гожыкова Клара

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Клара

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

Үй жануарлары

Үй жануарлары мен төлдерін таныстыруға арналған көркем әдебиет сабағы. Саяхат, тақпақтар, сергіту сәті және жануарлардың дауысын ажырату ойыны қамтылған.

Клара 3 мин 259 оқылым
Жалпы рубрика

"Менің үйімдегі бөлме гүл"

Мектепке дейінгі балаларға арналған сабақта кактуспен таныстыру, гүлді күту және көшет отырғызу жұмыстары қамтылған.

Клара 2 мин 488 оқылым
Жалпы рубрика

2 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту.

2-сыныпқа арналған сабақ жоспары 2 санына көбейту және бөлу кестесін бекітуге бағытталған. Жоспарда асықпен орындалатын ойындар мен есептер бар.

Клара 2 мин 553 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 893 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым