Мазмұнға өту

Кіші топ балаларын мамандықтармен таныстыруда ойын технологиясын қолдану

Сулейменова Гүлвира Дулатқызы 2 мин оқу 129 оқылым

Сулейменова Гүлвира Дулатқызы
Қостанай қаласы, №16 бөбекжай-бақшасы, тәрбиеші


Кіші топта мамандықтармен таныстыру барысында ойын технологиясын қолдану -баланың адал азамат болуына негіз болатын құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді; рөлдік ойын арқылы адал еңбек, жауапкершілік, құрмет, еңбекқорлық қасиеттерін дамытады; «Адал азамат» бағдарламасымен табиғи үйлеседі және мазмұнды толықтырады.

Неге ойын технологиясы тиімді? Кіші топ тәрбиеленушілері ақпаратты ойын арқылы тез қабылдайды.Ойын технологиясы - баланың табиғи әрекетіне сәйкес келеді; белсенділік, қызығушылық туғызады; көрнекілік пен әрекет арқылы есте сақтауды жеңілдетеді; сөйлеу мен қарым-қатынас дағдыларын дамытады; әлеуметтік рөлдерді модельдеуге мүмкіндік береді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие – балабақшадан бастап балаларға адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, құрмет, шынайылық сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бағдарлама. Кіші топ тәрбиеленушілерін мамандықтармен таныстыру барысында ойын технологиясын қолдану осы құндылықтарды тиімді сіңіруге мүмкіндік береді.

Мамандықтар – балаларға еңбек пен адалдықтың алғашқы түсінігін беретін ең қолайлы оқу материалы. Ойын – осы түсініктерді  жеңіл әрі қызықты түрде жеткізетін құрал.

Ойын барысында бала: маман еңбегін құрметтеуді үйренеді; тапсырманы жауапкершілікпен орындауға талпынады; шынайы әрекет арқылы адалдықтың мәнін сезінеді;

бір-біріне көмектесуді үйренеді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының ішінде

«Еңбегі адал -  жас өрен» жобасы қолданылды. Мақсаты: балалардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.

Мамандықтар арқылы «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру жүзеге асты. 1) Адалдық

Рөлдік ойындарда:

«Дәрігер» рөлін ойнағанда — науқасты «дұрыс емдеу», алдамау; «Дүкенде» — “ақшаны дұрыс санау”, “тауарды дұрыс беру”; «Құрылысшыда» — “үйді мықтап құрастыру”.

Балаларға түсіндіру: «Әр маман өз жұмысын адал жасаса ғана адамдар оған сенеді».

2) Еңбекқорлық

Мамандықтардың барлығы еңбекті қажет етеді. Ойын барысында: тапсырманы соңына дейін орындау, «жұмысқа уақытында келу», өз рөлін қалдырмай ойнау — еңбекқорлыққа баулиды.

3) Жауапкершілік

Рөлдік ойын кезінде әр бала өз рөлін атқарады: дәрігер — тексеру жасайды; аспаз — тамақ дайындайды; жүргізуші — жолаушыларды жеткізеді.

Тәрбиеші түсіндірме береді: «Әр маман өз жұмысына жауапты болады. Сен өз рөліңді жауапкершілікпен орындадың ба?»

4) Құрмет

Балаларды әр мамандықтың адамға пайдасын көруге үйрету: «Өрт сөндіруші адамдарды құтқарады», «Дәрігер адамдарды емдейді», «Аспаз дәмді тамақ дайындайды»

Балалар мамандықтарға құрметпен қарауды үйренеді — бұл «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарының бірі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сулейменова Гүлвира Дулатқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин