Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Кафедраның үлкен жетістігі

Суйеуова Набат
1 мин оқу 24 оқылым

Суйеуова Набат Базархановна

Есенов университеті,  Ақтау

2023-2024 оқу жылы «Машина жасау және көлік» кафедрасы үшін табысты, жемісті оқу жылы болды. Кафедра ұжымының ұйымшылдығы, ауызбіршілігі тағы да жетістіктермен дәлелденді.

Атап кетсек, биылғы оқу жылында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп,  Қазақстандық жоғары оқу орындарының  (ЖОО) 2023 жылғы білім беру бағдарламаларына (БББ) тәуелсіз сараптама жүргізіп, рейтингін жариялады. Осы шараға 2000-нан астам БББ ұсынылды, оның ішінде 81 393 түлек талданды, 200-дей салалық сарапшылар қатысты. 97 ЖОО бойынша  2 мыңнан астам сараптама жасалды.

«Атамекен» ҰКП рейтинг мақсаты - ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, нарық сапасына сай маман даярлауды жоғарлату. Рейтинг әдістемесі ЖОО-мен, сарапшылармен ашық талқылау нәтижесінде қабылданады,  жетілдіріліп отырады.

Атаулы рейтинг 19 критерий бойынша бағаланды, атап айтқанда негізгілері:

  • түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі;
  • түлектердің орташа жалақысы;
  • білім беру бағдарламасын аккредиттеу;
  • оқытушылар құрамының сапасы;
  • білім беру бағдарламаларының өзектілігі.

Осы критерийлер 3 блокқа біріктірілген:

-  түлектердің мансаптық перспективалары;

-  БББ сапасы;

-  білімалушылардың жетістіктері.

Yessenov University бойынша сапасы сарапқа салынған рейтингте 33 білім беру бағдарламасы бақ сынаған болатын. Сараптама қорытындысы бойынша «Атамекен-2023» рейтингісінде ТОП-3-ке  университетіміздің БББ-лары жоғары деп бағаланды, оның ішінде  «Машина жасау» БББ  2 орынға ие болды.

Өткен 2022 жылмен салыстырғанда ТОП-10 білім беру бағдарламасына Yessenov University 9 бағдарламасы кірген болса, 2023 жылы ТОП-10-ға университетіміздің 14 білім беру бағдарламасы енген. Бұл университетіміз үшін үлкен жетістік, жоғары көрсеткіш  деп білеміз. Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда 8 білім беру бағдарламасы өз позицияларын әлдеқайда жақсартқан, ілгерлеу бар.

Осындай жетістіктерге үлес қосқан  Есенов университетінің «Машинажасау және көлік» кафедрасы ұжымының еңбектеріне табыс тілеймін.  Алдағы уақытта да осындай жағымды жаңалықтарымыз көп болғай!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Суйеуова Набат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым