Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

JBMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті

Bilimger Media
1 мин оқу 35 оқылым

JBMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті

🏆Математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап.

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты.

Біздің мектеп оқушылары алты медаль жеңіп алды:

🥇Алиасқар Сұлтанәли — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

🥇Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;

🥈Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;

🥈Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

🥈Эрик Лим — Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.

🥉Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.

Еліміздің ұлттық құрамасын тамаша жеңісімен құттықтаймыз

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 441 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым