Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ОРТАҚ РЕСУРС БАЗАСЫН ЖАСАҚТАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Автор

мақала
4 мин оқу 592 оқылым

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ОРТАҚ РЕСУРС БАЗАСЫН ЖАСАҚТАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Рашитова Дияна Елеуовна
Мұнайлы ауданы «Шоғы Мұңалұлы атындағы
№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Бүгінгі күндегі педагог қызметкерлердің алдында тұрған күрделі және маңызды нәрсе – жаңартылған білім мазмұнын жүйелі енгізу барысында мектептің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру болмақ. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындап жатады.
Білім беру саласы мектептердің жеке ұйымдастырушылық оқшаулау саясаты дамуға кедергі келтіретінін бүгінгі тәжірибеде көрсетіп берді. Сол себепті мектептер арасындағы ынтымақтастық орнату, педагог қызметкерлердің мүддесі үшін Желілік қоғамдастық жұмысы ұйымдастыру маңызды болып отыр.
Деңгейлік бағдарламалар курсының І деңгейінің мұғалімдеріне арналған нұсқаулықта «Мектептердің желілік қоғамдастығы – оқушылардың жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп арасындағы оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлау, жүзеге асыру және оның мониторингісін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы» деп атап көрсетілген. Желілік қоғамдастық – педагогтердің қарым-қатынас, оқу, біліктілікті арттыру құралы және тәжірибе алмасу алаңы. Табысты желіні дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді.
Осы мақсатта Мұнайлы аудандық білім бөлімі бұйрығы негізінде кәсіби желілік қоғамдастық жұмысын жетілдіру мақсатында «Жетекші мектеп» жұмысы өз жұмысын бастады.
«Жетекші мектепті» құрудағы негізгі мақсат:
- Жаңартылған білім мазмұны үрдісін және деңгейлік бағдарламалар бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру сапасын мониторингілеу;
- Деңгейлік бағдарламалар бойынша арнайы курстан өткен мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсетуге бағдар беру;
- Жаңартылған білім мазмұнын енгізуде мұғалімдерге қолдау көрсету болып табылады. (№1 слайд)
Аудандық білім бөлімінің нұсқауы бойынша №5 ЖББОМ мектебіне серіктес мектептер бекітілді:
№1 ЖББОМ, №3 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №10 ЖББОМ;
Жетекші мектептердің Ережесінде көрсетілген талаптарға сәйкес Серіктес мектептермен біріге отырып, бірнеше жұмыстарды жылдам әрі қолжетімді жағдайда «Жарқын белес» кәсіби қауымдастық электрондық почтасы ашылды. (№2 слайд)
Желілік қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылануына арналған форум, үздік педагогикалық тәжірибені тартуға арналған мәтіндік, видео материалдармен бөлісу бөлімі жұмыс істейді.
Желілік қоғамдастықтағы барлық мәселелерді шешуде құрамдағы барлық мектептер ең бастысы сенімділікпен, бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Мұндағы негізгі мақсат жеке дара оқшауланып қалып қоймай, білім ресурстарын ортақ пайдалану болып табылады. Тиімді ұйымдастырылған желілік қауымдастық мұғалімдерді өзара оқытуда жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Серіктес мектептеріміз (№1 ОМ басқа) шалғайда болғандықтан құрылған «Жарқын белес» атты (zharkynbeles2@mail.ru, zharkynbeles@gmail.com)
электронды байланыс жүйесі арқылы, іс-тәжірибемізді алмасып отыруға шешілген мүмкіндіктің дәлелі мына слайдта көрініс табады (№2 слайд). Онда мектеп тәлімгері мен тәлімалушыларының іс-әрекеті және оқыту үдеріс кезіндегі оқушылармен қарым-қатынасы бейнеленген. (мүмкіндік болса, сол жерде почтамен жұмыс жүргізу қадамын көрсетемін. Ондағы әр папкаға жинақталған жұмыстар қоры т.б.)
Мақсатымыз: «Үйрете отырып өзара үйрену» кәсіби қауымдастығымен әдіс-тәсілдер алмастырудамыз. Нәтижесі барлық мұғалімдермен тепе-теңдік ұжымын құрып, білімді де, алған білімдерін кез-келген ортада пайдалана алатын тұлға дайындап шығару. (№3,4 слайд)
Оқытудың сапасын жақсартып, істеп жүрген жұмысымызды өзгертуде негізгі міндеттерді мұғалімдердің атқаратындығы белгілі. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі ғана оқыту мен оқуды өзгерте алады. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бағдарламаның мазмұны мен міндеттерін білетіндіктен, мұғалімдерге үйретіп, сабақтарына көмектесе алады. Сондықтан алдағы уақытта тәлімгерлік жұмысты жалғастыра отырып, мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіруде, олардың тәжірибесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен жұмыс істеу дағдыларын енгізіп, «Lesson stadi» үдерісін дамыту керек.
Жалпы алғанда, ағылшындық педагогтардың ең бір жақсы ұстанатын қағидасы бар. Ол "бәрі қарапайым болу керек».
Кембридж университеті әзірлеген және құрастырған Бағдарламада көптеген терминдер бар. Егер ол терминдерді жете түсінбесек, онда Бағдарламаны да жете түсінбейтініміз аян. Осыған сәйкес тыңдаушылармен теориялық жұмыстар жүргізу барысында жиі кері байланыс жүргізілуі тиіс. (№5 слайд)
Қорыта келгенде, іс-шаралардың ортақ ресурсын жасақтау бізге мынандай мүмкіндіктер береді:
• бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастырады;
• тәжірибемен алмасу, жаңа педагогикалық бастамаларға қолдау көрсетеді және ынтымақтастық орнатады;
• нәтижелі педагогикалық практиканы таратуға жағдай жасалады;
• кәсіби тақырыптарда формальды және формальды емес қарым-қатынасты ұйымдастырады;
• виртуальды өзара әрекеттесуге ынталандырады, одан кейінгі ғаламторда өзара әрекеттесуге белсендендіреді;
• жеке файлдарды орналастырады және қоғамдастық кітапханасындағы файлдарды пайдалану мүмкіндігі туады;
• қарым-қатынас жасау мүмкіндігі (форум, чат, комментарий);
• қашықтықтан оқытуға жағдай жасалады;
• жеке электрондық парақтары (портфолио) жасалады. (№6 слайд)
Енді «Біздің мүмкіндіктеріміз»:
«Нәтиже құны - өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі» екенін біле отырып:
 Жетекші мектеп аясындағы жұмыстарды жетілдіру;
 Өзара тәжірибе алмасу;
 Мүмкіндіктер мен проблемалардың ортақ шешімін табуға әрекет жасау;
 Ресурстар, өнімдер т.б. жинақтау.

«Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» деген М.Жұмабаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, «Басқаларды үйретуден, біздің өзіміз де үйренуге жалықпайық» деп ұлы философ Сенека айтқандай, үйретуге, үйренуге жалықпай еңбек ете беру керек деп түйдім.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

мақала

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Ұстаз ойы

Біліктілікті арттыру –заман талабы

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсында робототехника, бағдарламалау, модельдеу және робот құрастыру негіздері қарастырылды. Автор курс тәжірибесінің цифрлық әрі инженерлік дағдыларды дамытуға ықпалын баяндайды.

МАҚАЛА 35 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Мәтінде ұлттық құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі орны, рухани және материалдық мұраның мәні, ұлттық мәдениет пен отаншылдықты қалыптастыру мәселелері сөз болады.

мақала 100 оқылым 10 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АУДАРМАШЫ, ҒАЛЫМ

Ахмет Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым және қоғам қайраткері ретіндегі еңбектері баяндалады. Материалда «Қырық мысал» жинағы мен ғалымның қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі сөз болады.

мақала 119 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Әдістемелік құралдар

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар 

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күні мен Бірыңғай сынып сағатын ұйымдастыруға арналған ұсынымдар. Құжатта іс-шараның форматы, ұзақтығы және қауіпсіздік талаптары қамтылған.

Bilimger Media 1 273 оқылым 9 мин
Әдістемелік құралдар

Тамыз конференциясы – жаңа оқу жылына жаңа міндеттер

Жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін Тамыз конференциясы – педагогтер қауымы үшін өткен оқу жылын қорытындылап қана қоймай, алдағы кезеңнің басты міндеттері мен басымдықтарын айқындайтын маңызды кәсіби алаң. 2026 жылғы…

Bilimger Media 1 377 оқылым 11 мин
Әдістемелік құралдар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

Адал азамат» бағдарламасының мақсаты, негізгі құндылықтары, айлық тәрбие тақырыптары мен арнайы жобалары балабақша, мектеп және колледж жұмысына арналған.

Bilimger Media 902 оқылым 2 мин
Әдістемелік құралдар

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. №348 бұйрыққа өзгерістер

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы…

Bilimger Media 314 оқылым 31 мин