Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Имидж

Gulim
2 мин оқу 99 оқылым

Имидж – мақсатты педагогикалық процестің әлеуетті және барлық қатысушыларының талаптары мен қажеттіліктеріне сай болатын арнайы құрастырылған үлгі.

Кезкелген адамға қарап, туралы алғашқы пікірді қалыптастырамыз.Соның негізінде біз оған белгілі бір сипаттама береміз және бұл ойымызда бекітіледі. Адам белгілі бір әлеуметтік ортадаөмір сүреді (отбасында, достары арасында, жұмыстат.б). Осы ортада сіздің имиджіңіз әртүрлі болуы мүмкін. Соның бірі – жұмыстағы имидж. Сіз қандай қызмет атқарсаңыз да, өзіңізге тән имидж керек. Ол жеке тұлғаның ізденісі, өзін-өзі ұстауы нәтижесінде қалыптасады. Дәл осы тақырып аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 1 курс магистранттары Жубаназарова Назираш Сулейменовнаның «Басқару психологиясы» пәнінде ашық әңгіме-талқы жүргіздік. Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс-тұрысы.

Іскери имидж – адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іс-қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажет.

Вербальды имидж (ауызша) – қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой-пікір (ауызша немесе жазбаша).

Вербальды емес іс-әрекеті имиджі – ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орнын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез-құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан сақтану қажет.

Көп қырлы күрделі имидж – позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен көрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды.

Мекемелелер мен ұйымның имиджі –ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап көрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды.

Имидждің түрлерін, оның ерекшеліктерін, басшы ретінде, тұтынушы ретінде имиджді қалыстастыру туралы біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Басқару психологиясы» пәні арқылы таныстық. Аталған сабақты психология ғылымдарының докторы, профессор м.а. Жубаназарова Назираш Сулейменовна жүргізеді. Дәріс барысында имидждің, жалпы басқарудың ерекшеліктерін түсіндіріп, кең көлемде талдау жүргізеді. Ал семинар сабағында оқытушы ұсынған еңбектер незінде ізденіп, ғылыми тұрғыда талдау жасаймыз. Бұл арқылы басқару психологиясы туралы танымымыз артуда. Басқару психологиясы білім аласында да өте қажет. Сондықтан бұл курс арқылы білім берудегі басқару имиджін және жалпы басшыға қойылатын талаптарды меңгере отырып, алдағы уақытта қызметте қолдана аламыз. Бұл курсты магистратуда оқытылуы өте тиімді. Осындай артықшылықтар мен мүмкіндіктерді білім беруде Қазақ ұлттық университеті ұтымды пайдаланған. Университетіміз білім берудің озық үлгісін көрсетіп келеді.
ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Беркимбаева С.К.
ҚазҰУ-нің шетел филологиясы мамандығының 1 курс магистранты Абдрешова Г.Ж

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Gulim

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Рәміздерім - мақтанышым

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелейтін сайыстың төрт кезеңі ұсынылған. Сценарийде сұрақ-жауап, суретпен мақал құрастыру және пазл жинау тапсырмалары бар.

Gulim 1 мин 39 оқылым
Жалпы рубрика

Сардарова Г.Ж Рәміздерім - мақтанышым

Мемлекеттік рәміздерге арналған сайыстың мақсаты, төрт кезеңі, сұрақ-жауаптары мен шығармашылық тапсырмалары қамтылған.

Gulim 1 мин 33 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым