Мазмұнға өту

Геометриялық пішіндер және олардың түстері

Шаблиева Жазира 3 мин оқу 644 оқылым

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсінітерін қалыптастыру
Мақсаты: Геометриялық пішіндер және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Дамытушылық: Балалардың дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап,логикалық тапсырма, топтық жұмыс.
Көрнекілік: Интерективный тақта. Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті, геометриялық пішіндердің суреті, т.б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстаздарға.
Кім маған айтады:
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар? -Көктем мезгілінде үш ай бар? (Наурыз, сәуір, мамыр)
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап жіберейікші?
-Күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Қане тындайыкшы:
Жұмбақ жасыру
. Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай,
Ой өрісі кең болса,
Бұл қандай пішін?

2. Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз,
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз.
Бұл қандай пішін?
3. Емес бұл төртбұрыш,
Мұнда мүлде жоқ бұры
Бұл қандай пішін?
Ендеше бізге « Сиқырлы пішіндер» елінен қонақтар келген. (Осы жерде алты пішіндер келіп өлеңдерін
-Оқушылар бізге пішіндер тапсырмалар алып келген. Қане қандай тапсырма бар екен?
1.Дөңгелектің тапсырмасы«Ұқсасын табу»
(тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына жабыстырады. Мысалы: алма адөңгелектің астына, ал пирамида ұшбұрыштың астына, теледидар төртбұрыштың астына)

2.Шаршының тапсырмасы
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1. кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. адамда қанша көз бар? (2)
5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. аспанда неше күн бар? (1)
7. бір жылда неше ай бар? (12)
8. бір аптада неше күн бар? (7)
9. адамда қанша саусақ бар? (10)
10.үшбұрыштың қанша бұрышы бар? (3)
3.Тіктөртбұрыштың тапсырмасы
Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үш бұрыш сыз ауада
Сол қолың да бос тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

4.Сопакшаның тапсырмасы
Санамақ айту.
Жалғыз саусақ тіптіде,
Ұстай алмас жіптіде.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Дәптермен жұмыс

5.Үшбұрыштың тапсырмасы. Топтық жұмыс. (түрлі-түсті пішіндерден суретке қарап жапсыру.)

6.Жұлдыздың тапсырмасы
Логикалық тапсырма “Кім тапқыр”
Табақта бір алма,
Қолымда екі алма.
Барлығын қосқанда,
Шығады неше алма ? 3
Үш алмұрттын біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? 2
Ақ балапан,
Сары балапан.
Шұбар балапан,
Қара балапан.
Барлығы неше балапан? 4
Ағашта екі торғай бар еді,
оның біреуі ұшып кетті.
Ағашта неше торғай қалды?
Қорытындылау
Доп арқылы сурақ қою арқылы.
ІІІ. Қорытынды
Балалар, бүгін біз сабақта не істедік?
- Сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса, басбармақтарыңды жоғары көтеріңдер, ал егер ұнамаса, төмен қаратыңдар.
- Несімен ұнады (ұнамады)?
- Балалар! Мен сендердің іс - әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім.
Мақтау, мадақтау, белсенділіктері үшін бәріне смайлик пішінінсыйлау.
Тәмам болды осымен,
Ашық сабақ біздегі
Қошемет, сын сіздерден,
Рахмет айту біздерден.
Сау - саламат болайық
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді біледі.
Нені игереді: Әртүрлі геометриялық пішіндерден түрлі заттар құрастыруды.
Нені біледі: Жұмбақтардың шешуін, санамақ біледі.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№42 «Ақ ниет» гимназиясы

Ашық сабақ.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер.

Орындаған: 0 «б» МДТ-ның жетекшісі Шаблиева Ж.Н.

2020жылы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Шаблиева Жазира

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 61 оқылым 1 мин
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Мектепалды сыныбының тәрбиешісі Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды әрі қасиетті ұғымдардың бірі. Әрбір…

Бесикбаева Лаззат Сериковна 52 оқылым 1 мин
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 134 оқылым 5 мин
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 148 оқылым 8 мин