Мазмұнға өту

Ғажайыптар әлемінде

Асанова Куляим Рамазановна 3 мин оқу 674 оқылым

Ортаңғы «Көбелек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті №32
Өткізу күні: 18.11. 2020ж Тәрбиеші: Асанова К.Р.
Білім беру саласы: «Денсаулық »Дене шынықтыру
Өтпелі тақырып:«Ғажайыптар әлемінде»
Мақсаты:
1.Тәрбиелік: Ептілікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: жалпақ тақтай үстімен тартылып жорғалау. Жіңішке тақтайдың үстімен қолды белге қойып бүйірімен жүріп өту.
3.Оқыту: Затты нысанаға лақтырып дәл тигізу.
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:жүру-ходить,жүгіру-бегать,секіру-прыгать. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Музыка әуенімен балалар топқа кіреді.
Балалар бізде қазір дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметі болады. Бізге бүгін көп апайлар келіп отыр екен, қане апайлармен амандасайық:
-Сәлеметсізбе!
Балалар сендер бүгін қандай әдемісіңдер, күштісіңдер.
Күшіміз көп болу үшін не істеуіміз керек?
Жаттығулар жасауымыз керек.
Ендеше барлығымыз бірге айтайық:
Кел балалар, кел енді,
Кел щынықтыр денеңді
Айта көрме әйтпесе
Батыр болам дегенді.
Жарайсыңдар балалар, күнде жаттығулар жасасаңдар, осындай күшті, мықты болып өсесіңдер.
Балалар бізге «Маша мен аю» ертегісіндегі аю аудио хабарлама жіберіпті.
Қане тыңдап көрейік.
Аюдың хатын тыңдау.
Балалар аю бізді қонаққа шақырып жатыр екен.
Орманға аюға қонаққа барамызба?
Иә барамыз.
Шеңбер бойымен жүру және жүгіру.
Түлкі кездеседі.
Аяқтың ұшымен жүру.
Қасқыр кездеседі.
Адымдап жүру.
Қоян кездеседі.
Секіріп жүру.
Міне балалар орманға да келдік. Бірақ аю көрінбейді ғой.
Ой балалар мына жерде жаңғақтар жатыр екен.
Мына жаңғақтармен не істеуге болады екен?
Балалар біз аюға жету үшін ұзақ жол жүреміз. Күшіміз көп болу үшін мына жаңғақтармен жаттығулар жасап алайық.
Жаңғақтармен жалпы жаттығулар жасау:
1.Екі қолға жаңғақтарды алып, қолды жан-жаққа, жоғары көтеру.3-рет.
2.Аяқты сәл алшақ қойып, еңкейіп жаңғақтарды жерге қою, жердегі жаңғақтарды алып қолды артқа қою. 3-рет.
3.Жаңғақтарды алақанға қысып, қолды белге қойып, оңға солға еңкею.
4.Аяқты көтеріп жаңғақтарды тізеге тигізу.
5.Жаңғақтарды алақанға қысып ұстап, алға, артқа секіру.
Тыныс алу жаттығуын жасау.
Балалар аюды кездестірдік па біз? Жоқ
Ендеше аюға бару үшін тағы да көптеген кедергілерден өтуіміз керек екен.
Негізгі жаттығулар:
1.Балалар мына жерде жалпақ тақтай жатыр . Осы жалпақ тақтай үстімен тартылып жорғалау керек екен.
2.Ал мына жерде аңдардың іздері бар екен, сол іздермен жүріп өтіп, жіңішке тақтайдың үстімен қолды белге қойып қырымен жүріп өту керек екен.
3. Балалар мына жерде тиін отыр екен. Қане тиіннің себетіне жаңғақтарды жинап берейік. Жаңғақтарды нысанаға лақтыру.
Балалар қараңдаршы мына жерде бал бар екен. Балды кім жақсы көреді.
Аю балды жақсы көреді.
Ендеше міне аюға да келіп жеттік. Балалар аюдың қонжықтары бар екен. Ендеше тауып алған балды аюдың қонжықтарына берейік.
Қимылды ойын: «Қонжықтарды тамақтандыр»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын дамыту.
Ойын шарты: Балалар 1,2,3 дегенде ортада тұрған балды қонжықтарға береді.
Балалар бізге аю сыйлыққа мынадай ойыншықтар дайындап қойыпты.
Қане ойнап көрейік.
Тыныс алу жаттығуы:
Вертушка ойыншығын үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасау.
Балалар бұл ойыншық сиқырлы екен, осы ойыншықты ұстап айналсақ өз тобымызға келеді екенбіз. Топқа оралу.
Қорытынды:
Балалар бізге неден хат келді?
Біз қайда бардық?
Орманда қандай жаттығулар жасадық?
Қандай кедергілерден өттік?
Нелерді кездестірдік?
Аюдың қонжықтарына не бердік?
Аю бізге не сыйлады?
Балалар сендерге ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін рахмет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Асанова Куляим Рамазановна

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин