Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ғажайып математика»

Утепбергенова Науша Суюебаевна
3 мин оқу 298 оқылым

«Ғажайып математика»

Білім саласы: таным.
Оқу қызметі: математика.
Оқу қызмет тақырыбы: «Ғажайып математика»
Мақсаты:
Білімділік: «Есеп» түсінігі және оның құрылымдық элементтерін білуге,1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды орындауға үйрету.
Дамытушылық: 1 - 20 көлемінде реттік санау, тура және кері санау, сан құрамы туралы білімдерін пысықтау, жетілдіру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік: жұмысты соңына дейін жеткізіп орындауға, ұқыпты, таза жазуға , зейінділікке тәрбиелеу..
Көрнекілік: 1-20 дейінгі сандар, таңбалар, суреттер, кубик.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, жұмбақ қолдану, түсіндіру, суреттер көрсету, ойын, тапсырма беру, мадақтау,пысықтау, талдау, бағалау, қорытынды жасау.

Шаттық шеңбері.Жарқырап күн де ашылды, әлемге нұры шашылды.
Қайырлы күн, қайырлы күн! Дос болайық бәріміз,
Біздер тату баламыз, бірге ойнап күлеміз.
Қайырлы күн, қайырлы күн, қонақтар!
Оқу қызмет барысы:
Мотивациялық-қозғаушы.
-Балаларға ауызша тапсырмалар беру.
-1-20 дейін тура және кері санату.
-1 сан аттап санату.
-сан көршілерін сұрау.
-жоқ сандарды табу./цифрлар көрсету/
Іздену- ұйымдастырушы.
– Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?- Қазір жылдың қай мезгілі?– Көктем мезгілінде неше ай бар? - Ал, әрбір жыл мезгілінде неше ай бар? - Ал, 1 жылда неше ай бар? - Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Олай болса, балалар мен сендерді көктемгі табиғат көріністерін тамашалай отырып, «Ғажайып математика еліне» саяхатқа шақырамын.

Қайталап атымды, көктемде ән саламын.
Кез-келген ұяға, жұмыртқа табамын. /Көкек/
Саяхатты көктемнің алғашқы жаршысы болған «Көкектің» көңілді сандарымен бастасақ.
1."Көкек"тапсырмасы: Біз шашылған сандармыз,
Орнымызды табамыз.
Көңілді боп жүрейік,
Енді санап көрейік.
Жарайсыңдар, осы 1 - ден 9 - ға дейін сандар қалай аталады?
-Бір таңбалы сандар деп аталады. -Бір таңбалы сандар ең үлкені қай сан? /9/
-Ал, 10 - нан кейінгі сандарды қалай атаймыз? -Екі таңбалы сандар деп атаймыз. -Енді осы сандар туралы санамақ білеміз бе?- Ал, біздер өткен математика сабағында танысқан сандарымызды еске түсірейік.– Бұл сандарды қандай сандар деп атаймыз?– Олардың құрамында неше бірліктер бар?- Бұл сандар екі таңбалы сандар, құрамында неше бірлік болады? -Дұрыс, жарайсыңдар!

2."Гүлдер" тапсырмасы. Қалдырылған сандарды жазу.
1*3*5*7*9*.
2 *4 *6* 8 *10.

3."Қарлығаш"тапсырмасы: «Ойлан тап» 5+4=?. 9 – 6=?. 6+2=? .8 – 4=? .7+1=
-Есептің шарты /сұрағы, жауабы/ қайсы?
4."Көбелек" тапсырмасы: «Кім тапқыр»
1.Үйге келді Мадияр,оған қоса Алдияр.Кейін келді Айдана,қанша болды бар бала?
2.Бес алманың екеуін, досың сұрап алады,Айтшы сонда нешеуі,өз қолыңда қалады?
3.Жеті асықтың үшеуін,досың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуі,өз қолыңда қалады?

Дидактикалық ойын: "Кубикпен ойын" Шарты :ойын бастаушы кубикте түскен санды атап, келесі балаға береді, ол бала сол саннан үлкен /кіші/ сандарды айтуы керек.
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

Рефлексті-коррекциялаушы.
- Балалар,сізге математика еліне саяхатымыз ұнады ма? - Қандай тапсырмалар орындадық? -Есеп қандай элементтерден тұрады? – Аружан,бір /екі / таңбалы сандарды ата?-Сабақта сізге кімнің жауабы ұнады, неге?- Жарайсыңдар, балалар, барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңыздар!
Балалардың жауабын тыңдау, білімдерін анықтау, толықтыру,мадақтау,бағалау, қорытынды жасау.
Күтілетін нәтиже :
Білуі керек: -1-20 сандар қатарын, тура және кері санау, сан көршілерін білу,цифрды дұрыс жазу және оқу.
Нені игереді: - есептің құрылымдық элементтерін, есептер құрастыру, жауабын табуды.
Нені білді: - бір және екі таңбалы сандар туралы, сандарды салыстыру, жұп және тақ сандардың ерекшелігі туралы біледі.

Тәрбиеші: Утепбергенова Науша Суюебаевна.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Утепбергенова Науша Суюебаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым