Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ғажайып білім әлемі

Автор

Кашкинбаева Миуа Жанбырбайқызы
3 мин оқу 1 048 оқылым

Кашкинбаева Миуа Жанбырбайқызы

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін,қиялын,есте сақтап түсіну,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын арттыру.

Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар апайлар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы  балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Балалардың тақпақтарын  тыңдау.

Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Саламатсыздар ма балалар

Балалар: Саламатсыз ба Буратино

Буратино:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме»

Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша

Буратино:   - Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама,  Буратино.

Қане, балалар Буратиноға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз

Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне?»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: балалар міне біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.1-ші аялдама: Бұл жерде үйшік бар екен,үйшіктің терезелері ашық тұр  біздер терезелерін жабумыз керек.

1-ші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата.

Үйшіктің терезелерін  тауып жабыңдар.

2-ші аялдамада  хат бар екен,қәне онда не бар ашып  көрейікші.Конверттің ішінде бізге жұмбақтар жасырыпты.

Дидактикалық ойын: «Төлін тауып бер?»

Сергіту сәті:

3-шіаялдама  «Бау- бақша» аялдамасы . Бау- бақша аялдамасы көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті.

Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.

4-ші аялдама.  Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

Буратиноның  кілтін  құрастыру.

Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында , Буратиноның алтын кілті тұрады.) Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.

Тәрбиеші : Балалар, қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер екен ғой балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы

білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер,  көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балбөбек» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым  бар.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады)

Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау: Сұрақ-жауап.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Біз кімге көмектестік?

-Біз қайда бардық?

-Сабақтың қай кезеңі ұнады?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кашкинбаева Миуа Жанбырбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 202 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин