Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Галимова Гулжан
2 мин оқу 242 оқылым

Батыс Қазақстан Облысы әкімдігі білім басқармасы

Казталов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің

тәрбиешісі Галимова Гүлжан Бақтиярқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып алаң»

Сабақтың мақсаттары:  а) Түзете - дамыту: Қол саусақтарымен, мақта таяқшаларымен сурет салу арқылы суретке деген қызығушылықтарын ояту, қол моторикаларын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтарын дамыту және ептіліктері мен жылдамдықтарын арттыру мақсатында «Зымыран ұшыру», «Көңілді баспа», «Кім жылдам» қимылды ойындарын ойнату.

б) Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ептілікке және топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Міндеттер: Психологиялық дайындық, сергіту сәті, тапсырмаларды орындату, ойындар ойнату, топтық жұмыстар.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалармен қарым – қатынастары орнайды;
  • Ойын іс – әрекеттері қалыптасады;
  • Шығармашылық қабілеттері артады;
  • Түстерді дұрыс қолдануға үйренеді;
  • Топпен жұмыс істеуге машықтанады;

Сабақта қолданатын әдістер мен тәсілдер: түсіндіру, ойындар, тапсырмалар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

Жылулық шеңбері

Психологиялық дайындық.  

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Салембердік біз,

Саламатсыздарма?!

(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады)

Балалар бүгін бізга сабаққа көп қонақтар келген екен. Ендеше біз сабаққа көңілді, сергек қатысайық. Балалар біздер көңілді, әрі әдемі жүру үшін не керек? (денсаулық) дұрыс балалар денсаулық керек, ол үшін біз ойындар ойнап шынығуымыз керек. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғажайып алаң» атты атап тұрғандай біз бүгін сабақта сурет салып, бояймыз, әртүрлі қимылды ойындар ойнаймыз. Дайынбыз ба, сабаққа балалар? Ендеше кірісейік.

  1. Қол саусақтарымен сурет бояту.
  2. Мақта таяқшаларымен сурет салу.

Сергіту сәті (әуен арқылы):

Шарты: мен сөздерді айтып тұрамын, балалар қимылмен орындайды.

  1. Құс болып ұшу
  2. Алма жинау
  3. Суға шомылу
  4. Қар лақтырып ойнау
  5. Қояндай секіру
  6. Аюдай қорбаңдау
  7. Ұйқыдан керілу.

Жарайсыңдар! балалар сергіту сәтін орындап, бір сергіп алған сияқтымыз. Келесі балалар ғажайып алаңда қимылды ойындар ойнайтын боламыз. Балалар ойынымыз көңілді,әрі қызықты болу үшін екі топқа бөлініп алайық.

  1. Ойын: «Зымыран ұшыру»

Мақсаты: тыныс алуды жақсарту, шапшағын дамыту.

Шарты: демімізді ішімізге аламыз, содан кейін белгі бойынша қағаз зымыранымызды қатты үрлейміз, ілмектің ішіне өту керек. Кім демін көп алып үрлейтін болса, соның зымыраны қатты ұшып өзінің қалаған жеріне тез жетеді.

  1. Ойын: «Көңілді баспа»

Мақсаты: ептілікті, жылдамдықты дамыту.

Шарты:  жерде тастаулы аяқтың іздерінің үстінен басып баспадан өту керекпіз, өтіп кері қайтамыз.

  1. Ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: жылдамдыққа, жарысуға үйрету.

Шарты: машиналарға мініп (жәшіктен жасалған), ілмекті айналып келуіміз керек.

Балалар сіздер бүгін зымырандай жылдам, аттай шапшаң болдыңдар. Әр тапсырманы өте жақсы орындадыңыздар, сіздердің денсаулықтарың мықты болып, күш жинап тағы да бір сатыға бойларың өсті деп ойлаймын. Рахмет сіздерге, сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін менің сіздерге сыйлығым бар. Балалар қонақтармен қоштасып, сабағымызды аяқтайық. Сау болыңыздар!

Рефлексия

Бүгінгі сабақты көңіл-күйлерін смаиликтермен көрсету арқылы өз-өздерін бағалау.

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар тапсырмалар ұнады ма?
  • Не үйрендік?
  • Ойындар ұнады ма?

Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?

Авторы
Галимова Гүлжан Бақтиярқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Галимова Гулжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 379 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 434 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 674 оқылым