Мазмұнға өту

Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы.Электронды-сәулелік түтікше

Кабзолданова Алия Сайлаубаевна 4 мин оқу 132 оқылым

№ 24  сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы.Электронды-сәулелік түтікше
Курс, топ 1 курс, ОСк-02,  Гк-01
Модульдің атауы/пән Физика
Оқытушы Кабзолданова А.С.
Мерзімі  
Сабақтың типі Аралас
Сабақтың оқу мақсаттары 10.4.3.7 – Газдағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;

10.4.3.8 – Электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары - ЭСТ-мен танысу;

- ЭСТ жұмысын түсіндіру;

- ЭСТ жұмысына мысал келтіру

Бағалау критерийлері Газдардығы  электр тогын сипаттап талдайды,

Вакуумдағы электр тогын сипаттайды;

Электронды-сәулелік түтікшенің құрылымын және тұрмыста қолдануын біледі.

Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиет Студенттер интернетте ақпаратты табу үшін жұмыс істейді
Пәнаралық байланыстар Математика (график)  химия (заттар) пәнімен байланыс.

Сабақтың барысы

Жоспарланған мерзімдер Жоспарланған әрекеттер Ресурстар
0-1  мин. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру

  1. Бірлік уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд мөлшеріне тең шама қалай аталады? (Ток күші)
  2. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы қалай аталады? (Кернеу)
  3. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама қалай айтылады? (Кедергі)
Сабақтың басталуы

.

1.

Сабақтың ортасы  

Жаңа білімді игеру. «Жеке» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгереді.

Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақта алған білімдерін бекіту.

Сабақ соңында бір-бірінен интервю арқылы сұрақтарға жауап алады.

Студенттер өздері стоптағы студенттердің жауаптарына кері байланыс береді. Топпен талдайды.

Презентация
Сабақтың аяқталуы Тест жұмысын алу

Оқушыларға «Әртүрлі ортадағы электр тогы» тақырыбы бойынша кесте толтыруды тапсырыңыз.

(f) Оқушылардың білімдерін бекіту үшін «Әртүрлі ортадағы электр тогы» тақырыбы бойынша есептер шығаруды ұсыну.

1 Өткізгіштегі ток күші 10 А. Осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 сағ ішінде өтетін электрондардың массасы қандай?Жауабы: 0,2 мг

2 I=32 мкА ток күші кезінде t=1 нс уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді? Жауабы: 2 * 105

3 Өріс кернеулігі Е= 96 мВ/м болатын өткізгіштің электрондарының концентрациясы n=1028 м-3. Болат өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдықтарын анықтаңдар. Жауабы: 0,5 мм/с

4 Өткізгіш арқылы тығыздығы j=1 A/мм2 болатын ток жүрді. 1 сағ ішінде осы сымның 1 мм2 көлденең қимасы арқылы өтетін электрондардың массасын табыңдар. Жауабы: 2 * 10-8 кг

Кері байланыс: «Түйінді ой»

Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды

Бүгін мен . . . таныстым.

Мен үшін . . . шама жаңалық.

Тақырыптағы ең . . . қызық болды.

Болашақта . . .  көбірек білгім келеді

«Не жақсы?»» стратегиясы

Есептері бар карточкалар

Қосымша 2

Үй тапсырмасы:  Газдардағы электр тогы 10 сыныпқа арналған физика оқулығы (Жаратылыстану –математика бағыты) Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев

Вакуум – сиретілген орта, онда молекулалар санының аздығы сонша, олардың соқтығысуы мүмкіндігі болар – болмас. Кәдімгі жағдайда ол электр тогын өткізбейді. Егер зарядтарды сырттан енгізіп және күшті электр өрісін тудырса, онда вакуумде де ток пайда болады.

Ауасы сорылып алынған құтыға қыздыру қылын дәнекерлейді де, оны ток көзіне қосады. Электр тогы өткенде пайда болатын жоғары температураның әсерінен электрондар металл қылдан босап ұшып шығады. Кейбір қыздыру қылынан ұшып шыққан электрондар металға қайтадан оралуы мүмкін. Демек, қыздырылған қылдың төңірегін әрқашан еркін электрондардың белгілі бір мөлшері қоршап тұрады.

Егер де құтыға тағы бір электродты дәнекерлеп және олардың арасында потенциалдар айырымын тудырса, онда электрондар бағытталып қозғала бастайды және электр тогы пайда болады.

Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы термоэлектрондық эмиссия деп аталады.

Вакуумдегі электр тогы дегеніміз – термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы.

Термоэлектрондық эмиссия құбылысы қолданылатын ең қарапайым құралдарға электрондық шамдар жатады. Практикада кеңінен екі электродты (диод) және үш электродты (триод) электр шамдары қолданылады.

Бұл екі электродты (А-анодиК-катод)электршамы.
шыны баллон ішінде қысым өте төмен болады:

Электронды- сәулелік түтікше – электр сигналдарын көрінетін кескінге айналдыратын вакуумды электрондық құрал.Оның құрылысы мен жұмысы термоэлектрондық эмиссия құбылысын қолдануға негізделген. Электронды – сәулелік түтікше деп герметикалық түрде жабылған, жоғары вакуум тудыратын түбі кең шыны құтыны айтады. Электронды - сәулелік түтікшенің жіңішке бөлігінде электрондық зеңбіректің көмегімен электрондық сәуле тудырылады. Электрондық зеңбірек катодтан және басқарушы электродтан тұрады, ол электрондарды фокустау және үдету үшін пайдаланылады.

Катодты қыздырған кезде термоэлектрондық эмиссия құбылысы пайда болады. Катодтан ұшып шыққан электрондар анодқа қарай ұшады да, жолдарында басқарушы электродтың саңылауынан өтеді.

Басқарушы электрод анодқа ұшып келетін электродтар санын реттейді, демек, түтікшенің экранындағы жарқыраған дақтың жарықтығын өзгертуге мүмкіндік береді. Бірінші анод өрісіндегі электрондар электр өрісінің потенциалын өзгерту арқылы фокусталады. Жоғары кернеу берілетін екінші анодтың электр өрісі әрекетінен электрондар үлкен жылдамдыққа ие болады да, экранға қарай қозғалады.

Электронды – сәулелік түтікшенің аноды мен катодының арасына электрондардың жылдамдығын үлкен жылдамдыққа дейін үдетуге және жіңішке шоқты алуға мүмкіндік беретін бірнеше мың вольт кернеу береді. Электрондар шоғы экран ортасында жарқыраған нүкте түріндегі кескінді береді. Электрондардың шоғын басқару бір-біріне перпендикуляр орналасқан екі жұп ауытқытатын пластиналар арқылы жүзеге асады. Пластиналарға кернеу берілгеннен кейін электрондық сәуле электр өрісінің әрекетінен оң пластинаға қарай ауытқиды.Экрандағы дақ вертикаль немесе горизонталь бағытта ығысатын болады.

Электронды - сәулелік түтікше шапшаң өтетін процестерді зерттеуге арналған осциллограф деген құрылғының негізгі бөлігі болып табылады. Электронды- сәулелік түтікше теледидарда, радиолокацияда қолданылады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Кабзолданова Алия Сайлаубаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Физика

Физика сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы есеп шығаруды оқыту және дифференциалды тапсырмалар құрастыру

Илёс Байтемируғли Физика оқытушысы ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі, Жалпы Білім Беретін Пәндер кафедрасы Email: [email protected] Аннотация. Мақалада физика сабағында жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану арқылы…

Bilimger Media 221 оқылым 2 мин
Физика

Физика пәнін оқытуда STEAM тәсілінің тиімділігі

Физика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісіне STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілін кіріктірудің педагогикалық тиімділігі ғылыми-академиялық тұрғыдан талданады.…

Серикбаева Гулдана Байтемирқизы 230 оқылым 12 мин
Физика

Физика пәнін жасанды интеллект арқылы оқыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "М. Таенов атындағы негізгі мектебі" КММ физика пәні мұғалімі Кіріспе Бүгінгі таңда білім беру саласы қарқынды дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Әсіресе, жасанды интеллект…

Табыс Тілеубек 260 оқылым 2 мин
Физика

Физика пәнінің біздің күнделікті өміріміздегі рөлі

Физика – адамзаттың табиғатты тану мен оны игеру жолындағы басты құралы, ол біздің өміріміздің барлық аспектілерінде терең тамыр жайған. Оның арқасында біз күрделі технологияларды дамытып қана қоймай, қоршаған әлемнің…

Bilimger Media 191 оқылым 2 мин