Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 70 оқылым

Серікбай Мөлдір Кеңесбайқызы
№13 «Шұғыла»бөбекжай бақшасы


Білім беру дағдысы: қатынас, таным, шығармашылық.

Бөлімдері: Тіл дамыту,Көркем әдебиет, қарапайым математика, жапсыру.

Мақсаты:Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, ғарышкерлер дайындау орталығы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш рет айға ұшқан Тоқтар Әубәкіровтың ерлігі мен еңбегін ұштастыра отырып балаларға Отанымызғы қорғай білуге сүйіспеншілігін арттыру.Топпен жұмыс жасауға бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Қажетті көрнекі құралдар: слайдтар, тапсырмалар, аудио дыбыс.

Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ, ең алдымен біз нені көреміз?

- Дұрыс, күнді көреміз.

- Күн бізге не береді?

- Олай болса бір-біріміздің қолымыздан ұстап бүгін бізге келген қонақ-апайлармызға жылы лебізімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге.

Тәрбиенің басы ғой!

Ал, қанекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Балалар бүгін сендермен топ болып жұмыс жасаймыз. Кәне Ай, күн, жұлдыз болып бөлініп отырайық.тамаша.

-Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Осы көктем мезгілінің 12-сәуірі ғарышкерлер күні деп аталады.

-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.

Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.

-Қайда тұрады екенбіз?

-Жерде басқа ғаламшарда жоқ нәрселер бар екен: су топырақ, ауа.

-Нелер бар екен?

-Сондықтан мұнда адамдар жан-жануарлар тіршілік етеді. Адамдар басқа ғаламшарда өмір сүруге болама екен деп тексеріп көргісі келді. Ол үшін басқа ғаламшарларға ұшып бару керек екен. -Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? -Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарышкемесідеп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Бізбүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.

Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышері Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.

Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. Тосын сәт: Аудио

«Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерге ғарыш әлемінен хабарласып тұрмын. Сендер мені көрмейсіңдер ал мен сендерді көріп , бақылап жүремін. 12 сәуір ғарышкерлер мерекесіне орай сендерге тапсырмам бар, орындағыларың келе ме? Егер тапсырманы жақсы орындасаңдар, тәрбиеші апайларың сендерге сыйлық береді».

Қандай тамаша, тапсырма орындайық па балалар?

Жарайсыңдар.

1-тапсырма.

1ші топ жабыстырады

2 ші топ құрастырады.

3ші топ Суреттегі көп нүктені сызықпен қосып, бояу.

Сергіту сәті:

Аспан, аспан арайлым

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын

2-тапсырма.

Дидактикалық ойын: Не қайда болады?

Аспанда не болады ай күн жулдыз ракета ұшақ

Жерде не болады машина доп үй жихаздар

3-тапсырма тақпақ жаттау.

Мнемокесте арқылы.

Көкке самғап ұшамын

Ұшқыш болар баламын

Соңынан ерем ағаның

Ер ғарышкер ағаның.

Қорытынды.

Жарайсыңдар, балалар!

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

Балаларды мақтау мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Аспан әлемін телескоппен зерттейді, ғарышқа ұшатын адамды - ғарышкерлер деп атайтынын;

Нені игереді: Ойындар арқылы аспан әлемін орналастыруды;

Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемесімен ұшатынын, ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкер Юрий Гагарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев жәнеАйдын Айымбетов туралы мәліметтерді.

Авторы
Серікбай Мөлдір Кеңесбайқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым