Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ғаламшарымыздың экологиялық жағдайы: болашаққа әсері

Дадаева Муниса
2 мин оқу 65 оқылым

Дадаева Муниса
6- сынып оқушысы

Садыбаева Оралай Абдиашимовна
география пәнінің үйірме жетекшісі 

Түркістан облысы Жетісай ауданы
«Х.Доспанова атындағы № 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Қазіргі уакытта экология және табиғатты қорғау мәселесі барша адамзат үшін маңызды тақырыптардың біріне айналды. Әлемнің әр түкпірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы, табиғи ресурстардың сарқылуы, ауа мен судың ластануы секілді проблемалар күн өткен сайын көбейіп келеді. Осыған байланысты, экологияны сақтау және табиғатты қорғау біздің болашақ ұрпақ үшін өте маңызды іс.

Экология тірі организмдер мен олардың қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Бұл пәннің басты мақсаты табиғаттың тепе-теңдігін сақтау және экожүйелердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта экологияның маңызы артты, өйткені адамдардың әрекеттері табиғатқа үлкен әсер етуде. Егер біз экологияны дұрыс сақтамасақ, онда экожүйелердің бұзылуы, климаттың өзге…

Cy тіршіліктің негізі. Бірақ бүгінде су тапшылығы әлемнің көптеген елдерінде кездесетін мәселе. Таза судың жетіспеушілігі ауыл шаруашылығына, өндіріс саласына және адамдардың өмір сүру сапасына қатты әсер етеді. Әсіресе құрғақ аймақтар мен жартылай шөлейт жерлерде суға деген сұраныс күннен-күнге артуда. Сонымен қатар, судың ластануы да үлкен проблема болып отыр. Өнеркәсіптік қалдықтар мен тұрмыстық сұйық қалдықтар су көздеріне түсіп, оның сапасын нашарлатады.

Ормандар - табиғаттың маңызды бөлігі. Олар ауаны тазалап, көмірқышқыл газын сіңіріп, жаһандық жылынуды баяулатады. Бірақ қазіргі уақытта ормандардың үлкен аумағы кесіліп жатыр. Орманның жойылуы флора мен фаунаға, яғни өсімдіктер мен жануарларға кері әсерін тигізеді. Ормандарды кесу жердің эрозиясын күшейтіп, топырақтың құнарлығын төмендетеді. Сонымен қатар, ормандарды жою табиғи апаттардың, мысалы, су тасқындары мен лай көшкіндерінің кебейюіне әкеледі.

Әр адам қоршаған ортаға зиян тигізбеуге тырысуы керек. Таза ауаны сақтап қалу үшін көлікті аз пайдалану, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, энергияны үнемді пайдалану өте маңызды. Сонымен қатар, ормандарды қорғау және қайта отырғызу шаралары да үлкен маңызға ие. Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін, мысалы, күн және жел энергиясын пайдалану экологияны қорғауға көп көмектеседі.

Қоршаған ортаның жағдайы әрқайсымызға әсер етеді. Табиғаттың ластануы мен ресурстардың сарқылуы тек біздің өмірімізге ғана емес, болашақ ұрпақтың өміріне де қауіп төндіреді. Сондықтан біз бүгіннен бастап экологияны қорғап, табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолдарын іздеуіміз керек. Таза ауа, су мен табиғат - біздің басты байлығымыз. Оны сақтау үшін барлығымыз  жауаптымыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дадаева Муниса

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым