Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Физиканың аспаз өміріндегі атқаратын рөлі

Бұхаева Жадыра Қанатовна
2 мин оқу 502 оқылым

Бұхаева Жадыра Қанатовна

Физика дегеніміз – әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым екенін бәріміз білеміз. Негізінен, бұл пән заңдылықтар мен күшті, масса мен энергияны зерттейтіні баршаға  мәлім. Бірақ, бұл мақаланың тақырыбын оқи отырып, физика пәнінің аспаздарға не қатысы бар екен деген сұрақ туындайды. Оған жауап мынадай. Мен, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің 2 курс студентімін. Мамандығым – аспаз. Физика пәнінің аспаз мамандығына тығыз байланысты екеніне толығымен көзім жетті. Біз тіпті, бұл жайында ашық сабақ та өткіздік. Сабақтың тақырыбы “ Қатты денелердің механикалық қасиеттері” деп аталады. Бұнда кристалдар, аморфты денелер, дефформация, сублимация және деффузия құбылыстарын танып білдік. Группаластарым 3 топқа бөлініп, әр түрлі, физикаға байланысы бар тағам түрлерін дайындадық. Сергіту сәтінде, слайм ойыншығынан әр түрлі фигуралар  жасап, әсем әуенге қимыл жасап, қол шынықтырдық.

Әрбір тағам түрі ұсынуға дейін көптеген өңдеу түрінен өтетіні баршаға белгілі. Аспаздықтың физикаға байланысы мынадай, мысалға: сублимация – заттың қатты күйден газ тәріздес күйге ауысуы. Бұл процесс аспаздар тілімен мұздатылған өнімді еріту болып табылады. Тағы да, деффузия – бұл заттың бір күйден басқа күйге өзгеруі. Ал бізде, осы жолмен безе, құрт, тәтті тоқаштар дайындалады. Сондай-ақ, қатыру, мұздату,салқындату түрлері де жатады. Өздеріңіз күнде көріп жүрген желе, балмұздақ, холодец, тіпті толық өңдеуден өтпеген шалафабрикаттар да осы жолдармен жасалады.

Сонымен қатар, ғарышкерлердің аптап немесе айлап тамақтанатын қоректері де осы физикалық жолмен, аспаздық өңдеуден өтеді. Міне, физика пәнінің аспаз өмірінде атқаратын рөлі зор екендігіне көздеріңіз жеткен болар. Тек осы қатарда жазылған тағамдар ғана емес, күнделікті өмірде, сіздер қолданып жүрген шала фабрикаттар, тәтті тоқаштар мен салаттар физикалық өмірде де, аспаздар ас үйінде де, дайындалу жолына қарай, сіздер мүлде ойламаған екі мамандықты өзара байланыстырып тұр. Сол себептен, болашақта аспаз болам деушілерге айтарым, әр пәнді сүйіп әрі түсініп оқу қажет, себебі ол болашағыңа керек болары сөзсіз!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кронгарт Б., Кем В., Қойшыбаев Н. 2006 ж. «Физика» 10-сынып баспасы;
  2. Тұяқбаев С., Насохова Ш., Кронгарт Б., Кем В., Загайнова В. 2007 ж. «Физика» 11-сынып баспасы;
  3. “Homefizika.narod.ru” мақалалар сайты;
  4. “Pictame.com”  мақалалар сайты.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Бұхаева Жадыра Қанатовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Физика

7-9 сыныптарда физиканы оқыту үдерісін ЖИ көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары

Мақалада 7-9 сыныптарда физиканы жасанды интеллект көмегімен дербестендіру және визуализациялау жолдары қарастырылады. ChatGPT, Gemini, Foxar және Curipod платформаларын қолдану әдістері ұсынылған.

Айдана Мопық 10 мин 14 оқылым
Физика

Физика сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы есеп шығаруды оқыту және дифференциалды тапсырмалар құрастыру

Мақалада жасанды интеллект көмегімен физика есептерін қадамдап шығару және оқушылардың білім деңгейіне сай дифференциалды тапсырмалар құрастыру жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 2 мин 229 оқылым
Физика

Физика пәнін оқытуда STEAM тәсілінің тиімділігі

Физика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісіне STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілін кіріктірудің педагогикалық тиімділігі ғылыми-академиялық тұрғыдан талданады.…

Серикбаева Гулдана Байтемирқизы 12 мин 236 оқылым
Физика

Физика пәнін жасанды интеллект арқылы оқыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "М. Таенов атындағы негізгі мектебі" КММ физика пәні мұғалімі Кіріспе Бүгінгі таңда білім беру саласы қарқынды дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Әсіресе, жасанды интеллект…

Табыс Тілеубек 2 мин 269 оқылым