Мазмұнға өту

Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы

Токсанбаева Эльмира 5 мин оқу 1 247 оқылым
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

Мектеп: Семей қаласындағы «№ 49 Жалпы орта білім беретін мектеп»  КММ
Күні:05.04.19 Мұғалімнің аты-жөні: Токсанбаева Э.Б.
Сынып: 9 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы
Оқу мақсаты 9.8.1.1. – адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру
Сабақтың мақсаты -        Физиканың дүниетанымдық маңызымен таныстыру;

-        Адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика мен астрономия ғылымдарының дамуының әсерін түсіндіру;

-        Даму кезеңін жіктеу арқылы білімдерін жинақтау

Бағалау критерийлері ü  Физиканың дүниетанымдық маңызын тұжырымдайды;

ü  Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруда физика мен астрономия жетекші рөлді атқаратынын түсінеді;

ü  Даму кезеңдерін жіктеу арқылы ғаламға ортақ тұрақтыларды физикада қолданады, мысалдар келтіреді

Тілдік мақсаттар
Физика Физика Physics
Астрономия Астрономия Astronomy
Дүниетаным Мировозрение Worldview
Әлем Мир World
Тұрақтылық Постоянная Constant
Даму кезеңі Период развития Period of development
Ғылым Наука Science
Құндылықтарды дамыту «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын»  дамыту  арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, жауапкершілік, адалдық сезімдерін сіңіру.
Пәнаралық байланыстар Астрономия, қазақ тілі, тарих
Алдыңғы  білім Элементар бөлшектер, Бүкіләлемдік тартылыс заңы, жарық жылдамдығы, Планк тұрақтысы
Сабақ барысы:
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) Дереккөздер
Сабақтың басы

0-8 мин

Ұйымдастыру

Топқа бөлу (Киндер сюрприз)

1-топ «Ньютон »

2-топ «Максвелл»

3-топ «Планк»

Оқушылар себеттен жұмыртқалар алады. Әр жұмыртқаның ішінде ғалымдардың фото суреттері болады. Сол ғалымдарды анықтау арқылы  3 топқа бөлініп отырады.

Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай»

Үй тапсырмасын тексеру.

«Физикалық диктант» әдісі арқылы  алдыңғы сабақты тексереміз. Оқушыларға арнайы таратпа материалдар беріледі, бос орындарды толықтырып жазады. Мұғалім дұрыс жауабын интерактивті тақтаға шығарады. Оқушылар өзін – өзі «+», «-» таңбаларымен бағалайды.

1.     Электронның антибөлшегін ...................деп, ал протонның антибөлшегін ...................деп атайды.

2.     Өз құрылымы мен құрамы..................бөлшекті элементар бөлшек деп атаймыз.

3.     Әлсіз әрекеттесулерге қатысатын бөлшектерді ............деп атайды.

4.     Орнықты бөлшектерге электрон, протон,............ және нейтрон жатады.

5.     Ядродағы нуклондардың арасындағы күшті әрекеттесуге қатысатын бөлшектерді .............дейді.

Жауабы: 1. позитрон; антипротон   2. болмайтын

3. Лептондар   4. фотон  5. адрондар

ҚБ: Өзін – өзі бағалау («+», «-» )

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға байланысты келесі сұрақтарды қояды:

1.     Қайда? (Бұл терминді сіздер бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдіңіздер?)

2.     Қалай? (Өз тәжірибелеріңде осы атауларды қалай қолданатындарыңызға мысал келтіре аласыздарма?)

3.     Қандай? (Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады деп ойлайсыздар?)

ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Себет, киндер сюрприз жұмыртқалары, И.Ньютон, Дж.Максвелл, М.Планктың фото суреттері

https://ok.ru/video/11733371521

Дайын таратпа материалдар

Слайд (жауаптары)

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

20 минут

Білу және түсіну

www.bilimland.kz және twig-bilim.kz сайтынан гравитациялық, жарық, Планк тұрақтылары туралы онлайн сабақ көрсетіледі.

1.Физика мен астрономияның алғашқы даму кезеңінде дүниенің механикалық көрініс-бейнесі қалыптасты. Мұндай көзқарастың ең басты тірегі   формуласымен өрнектелетін Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс заңы еді. Мұндағы  барлық Ғаламға ортақ іргелі әмбебап гравитациялық тұрақты болып табылады.

2.Әлемнің электродинамикалық көрінісі, яғни электромагниттік өрістің кеңістікте толқын түрінде тарайтындығын Максвелл теория жүзінде дәлелдеп, жарықтың таралу жылдамдығын c=λν=3 дәлелдеп берді. Жарық жылдамдығы да іргелі әмбебап тұрақты болып табылады.

3.Физика мен астрономияның үшінші даму кезеңінде дүниенің кванттық-өрістік көрінісі қалыптасты. Жылулық сәулеленулердің эксперименттік заңдылықтарын Планк түсіндіріп, ең кіші бір үлес энергияны «квант» деп атап, оның шамасы E=hν формуласымен анықталатындығын көрсетті. Мұндағы h=6.62 тұрақты шама. Осылайша бүкіл Ғаламға ортақ үшінші іргелі әмбебап Планк тұрақтысы белгілі болды.

(G) Топтық жұмыс:

Әр топқа өз ғалымдарының ашқан жаңалығы жайлы постер қорғау тапсырылады.

Топтар өздерінің постерлерін басқа топ алдында қорғайды.

ҚБ: Топтық жұмысты бағалау парағы (топтар бірін – бірі бағалайды)

(D) Жұптық жұмыс:

Оқушыларға арнайы дайындалған кесте беріледі. Сол кестені бірігіп толтыру керек.

Барлық кестелер толтырылып болғаннан кейін, мұғалім оларға бағалау парағын береді, және оқушылар бір – бірінің жұмыстарымен алмасып, бір – бірін бағалайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/bukilalemdik-tartylys-tartylys-kushi

https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-light

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/zharyqtyng-taraluy-ferm-princzipi

Презентация

Қосымша 1

Ватман, түрлі түсті маркерлер, бағалау парағы

Қосымша 2

Таратпа материалдар, бағалау парағы

Сабақты бекіту

7 минут

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Оқушы сұраққа толық жауап берсе, бағдаршамның жасыл түсін, орташа жауап берсе сары түсін, мүлдем жауап бермесе қызыл түсін көрсетеді.

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау

Қосымша 3

Фасоль салынған қапшық, қызыл, сары, жасыл түсті карточкалар

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Эссе: «Менің ойымша, физиканың дүниетанымдық маңызы...............»

Кері байланыс: «Бес бармақ» әдісі

Оқушылар қағаздың бетіне өз қолының саусақтарын айналдыра сызады.

Бас бармақ – Бүгінгі  сабақтан алған әсерің қандай?

Балан үйрек – Не түсіндің?

Сұқ саусақ – Кімге көмектестің?

Ортан терек – Сабақтың ұнаған сәттері қандай?

Кішкентай бөбек – Не ұнамады?

Рефлексия. «Жетістік сатысы»

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, жетістік сатысына жабыстырады.

Р.Башарұлы, Ш.Шүйіншина, К.Сейфоллина. Алматы «Атамұра» баспасы 2019ж. Макет

Интерактивті тақта

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
·            Оқу мақсаты негізінде барлық оқушылар, оқушылардың басым бөлігі және кейбір оқушылар орындай алатын сабақтың мақсаты сараланып құрастырылды.

·            Үй тапсырмасын  қаншалықты деңгейде меңгергендігін саралау мақсатында «Физикалық диктант» әдісі арқылы бірдей тапсырма алынады. Оқушы өзін – өзі «+», «-» арқылы бағалайды

·            Жаңа тақырыпты түсіну үшін әр түрлі дереккөздермен топтық жасатау арқылы сараланады.

·            Оқушылар жұппен  жұмыс жасау арқылы, кестені толтырып, жіктеу арқылы сараланады.

·            Сабақты бекіту  және қорытындылау үшін «Сұрақты қағып ал» әдісі бойынша  барлық оқушылардың білім деңгейлерін саралау.

·       «+», «-»

·       «Жапондық бағалау» әдісі

·       «Бағалау парағы» арқылы бірін – бірі бағалау

·       «Екі жұлдыз, бір тілек»

·       «Бағдаршам» түстері бойынша бағалау

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау ескертіледі.

Сергіту сәті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Токсанбаева Эльмира

Осы тақырыптағы материалдар

Физика

Физика сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы есеп шығаруды оқыту және дифференциалды тапсырмалар құрастыру

Илёс Байтемируғли Физика оқытушысы ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі, Жалпы Білім Беретін Пәндер кафедрасы Email: [email protected] Аннотация. Мақалада физика сабағында жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану арқылы…

Bilimger Media 221 оқылым 2 мин
Физика

Физика пәнін оқытуда STEAM тәсілінің тиімділігі

Физика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісіне STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілін кіріктірудің педагогикалық тиімділігі ғылыми-академиялық тұрғыдан талданады.…

Серикбаева Гулдана Байтемирқизы 230 оқылым 12 мин
Физика

Физика пәнін жасанды интеллект арқылы оқыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "М. Таенов атындағы негізгі мектебі" КММ физика пәні мұғалімі Кіріспе Бүгінгі таңда білім беру саласы қарқынды дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Әсіресе, жасанды интеллект…

Табыс Тілеубек 260 оқылым 2 мин
Физика

Физика пәнінің біздің күнделікті өміріміздегі рөлі

Физика – адамзаттың табиғатты тану мен оны игеру жолындағы басты құралы, ол біздің өміріміздің барлық аспектілерінде терең тамыр жайған. Оның арқасында біз күрделі технологияларды дамытып қана қоймай, қоршаған әлемнің…

Bilimger Media 191 оқылым 2 мин