Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ф.Оңғарсынова «Әже»

Автор

Примжар Камшат Тоқтасқызы
3 мин оқу 38 оқылым

Примжар Камшат Тоқтасқызы


Үйірме атауы: Шешендік өнер
Үйірме жетекшісі: Примжар Камшат
Сабақтың тақырыбы Ф.Оңғарсынова «Әже»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін,енін,көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу,дағдыларын дамыту.Мұғалімнің көмегімен тыңдаған және оқыған материалдары бойынша қысқа жазбалар жазу
Сабақтың мақсаттары Білімділік: Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру. «Ана» туралы өлеңді пысықтап, «Әже» өлеңімен таныстыру. Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге, әжені сыйлай білуге баулу
Тәрбиелілік: Әженің еңбегін қадірлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тіл байлығын, ой - өрісін, шығармашылығын қаблеттерін дамыту.
Бағалау критерийлері Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Сөйлеуде тірек сөздерді қолданады.

Көрнекілігі Ф. Оңғарсынованың суреті, әженің суреті, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, топтық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс музыка, математика
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Сабақты бір - біріне жақсы тілек тілеуден бастайды.

Мен достарыма ... тілеймін

Оқушылар  бір-біріне ыстық  тілектерін білдіреді.

Үй тaпcырмcын текcеру. «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы.

Мәтiндi мәнерлеп oқу, Cұрaқтaрғa жaуaп беру.

(Тaқтaдa oқушылaрғa aрнaлғaн oқу мaқcaты жaзылaды.)

-Бүгiнгi caбaқтың мaқcaты:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?..............
- Көктемнің алғашқы күндерінде қандай мейрамды қарсы аламыз?.................
Иә, балалар, алдымызда аналар мейрамы келе жатыр екен.
Ендеше біз бүгінгі сабағымызды әр адамға ең қымбат адам – Аналарға арнаймыз.
- Фариза Оңғарсынова кім? Ол кісі туралы не білесің?
Ф. Оңғарсынова Қазақстанның халық жазушысы Қ. Р. парламент мәжілісінің депутаты. 1939 жылы 5 желтоқсан Атырау облысы, Монаш ауылында дүниеге келген.
 Үй тапсырмасын тексеру;
Жылу Ф. Оңғарсынова екі топтан 3 - 4 оқушыдан жатқа сұрау.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бекіту;
- Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
- Ана мейірімі туралы не дейсің?
- Ана сүті туралы ше?
- Ананың алақаны қандай?
- Жақсы, балалар, ана баласын жақсы көргенде қандай сөздер айтады?
- Құлыным, ботам, еркетайым, қозым
- Ананың қалауы қандай?
- Балам жақсы болып өссе дейді
- Рахмет, балалар! Сұрақтарға жауап алу арқылы өтілген сабақты толық түсінгендеріңді аңғардым.
Дүниеде адамға ең қымбат – ана екен. Ананы
ешқашан ренжітпеу керек. Өмір бақи аналарыңды сыйлаңдар. Аналарыңды арқалап Меккеге 3 көтеріп апарсаң да, ана қарызынан құтылмайсың деген сөз бар.

Интер

белсенді тақта, суреттер

Сабақтың ортасы Оқулықпен жұмыс;
Мақалдың мағынасын ашу;
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Күн Ана
Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.
Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.
Батыр, алғыр баламыз,
оқып білім аламыз.
Сөзжұмбақтар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.
Сөзжұмбақ шешіледі.
- Балалар, бүгінгі сабақта Әже атты өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді де жазған Фариза Оңғарсынова апамыз екен.
1 - топ. «Әже» тақырыбында шығарма жазу.
2 - топ. «Әже» тақырыбына өлең шығару.

Дескриптор:

Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру;
Балаларға іштей оқыту.
Балаларға тізбектей оқыту
Сергіту сәті.
Әжелер құрметіне Асыл әжем әнін орындап сергіп алайық.
Ақын қолданған сөздерге назар аудару.
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?

(Т) «Дөңгелек үcтел» әдici бoйыншa берiлген cөйлемдердi тoп oқушылaры бiр-бiр cөйлемнен ретiмен жaзып, мәтiн құрaйды. Жaзғaн cөйлемдерiн көрcетпейдi, coңғы oқушы мәтiндi тұтacтaй oқиды. Бoлғaн coң мұғaлiм cөйлемдердiң ретiн кiм бұзғaнын aнықтaйды. Бaрлық cөйлемдердi ретiмен дұрыc oрнaлacтырғaн тoптaр бaғaлaнaды.

- Әже қандай адам?
- Әжеңнің есімі кім?
- Нағашы әжеңнің есімі кім?
- Ол қайда тұрады?
- Әжеңді соңғы рет қашан көрдің?
- Сен көргенде әжең қандай көңіл күйде еді?
- Әжең саған қандай ақыл айтты?
- Әжең сені еркелеткенде қалай атайды?

Қорытындылау: Балалар кімнің өлеңін өттік? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің.

Үй тапсырмасы: Ф.Оңғарсынованың «Әже» өлеңін жатқа айту.

Бағалау критерийі:

-Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады. Тапсырманы «Галерея» әдісімен бағалайды.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім бақылау жүргізіп, кері байланыс береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Примжар Камшат Тоқтасқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Жетім

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту.Оқушылардың ой –қиялын,арманын іске асыра білуіне көмек беру.Ойлау қабілетін арттыру. Сабақтың міндеті:Оқушылардың сана-сезімін,білімге деген қабілетін…

Примжар Камшат Тоқтасқызы 33 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 141 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 47 оқылым 2 мин