Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эстафеталық ойындар

Bilimger Media
3 мин оқу 407 оқылым

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сыныбы: 4

Өткізілетін күні: 23. 11. 2018ж

Сабақ өткізетін: Денешынықтыру пән мұғалімі: Қарабаев Д.Е.

Сабақ тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

1) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру.  2) Әр түрлі кедергілерден тез және  оңай секіру дағдысын , сонымен қатар кеңістікті тез бағдарлай білуге тәрбиелеу. 3) Оқушылардың  қимыл – қозғалыстарынын қалыптастыру. 4) Оқушылардың топтық және жеке жағдайда жүктемелер орындау шеберлігін қалыптастыру.

Өткізілетін орны: Мектеп спорт залы.

Сабықтың түрі: Үйрету және орындау

Қолданылатын құрал жабдықтар:Доп, Секірмек, Сқырық, флажок

Мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқау

               I. Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу

-          Түзел!

-          Тік тұр!

-          Саламатсыздарма!

-

Жүру жаттығулары:

-          қол белде  аяқтың ұшымен жүру;

-          қол белде өкшемен жүру;

-          қол тізеде, жартылай отырып жүру;

-          қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

-          Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

-          Қолды айналдырып, сол жағымен жылжу;

-          Сол қол алда артпен жүгіру;

-          Қол белде аяқты алға сермеп жүгіру;

-          Қол желкеде аяқты артқа сермеп жүгіру;

-          Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

-          Екі қол арта, аяқты лақтырып қолға тигізе жүгіру

-          Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру.

-          Сап бойынша жүру

-          Тыныс алу жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары:

-           Қол белде аяқ, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

-          Аяқ иық көлемінде , қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;

-          Аяқ иық көлемінде қол тізеде, тіземізді ішкі 4 рет сыртқа төрт рет айналдырамыз;

15 мин

Оқушыларды

тексеру, дене киімін қарау.

Қолды белге дұрыс ұстау

Қолды бүкпей, толық айналдыру

Аяқты бүкпей

Орындау

Денені тік ұстау

Қолды бүкпей,

Толық қыйсайю

Басымызды толық айналдыру.

Аяқты бүгпей толық қыйсаю

                  II Негізгі бөлім

Кенгуру

Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

Мәреге кім бұрын?

Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

Допты бастан асырып беру

Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–

үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

Допты аяқтың астынан беру

Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

Ыдысты сумен толтыр.

Қасықпен суды іліп алып стол үстінеде тұрған стаканды суға толтыру керек. Қай топ көп су жыйнайды сол топ ұтқан болып саналады.

20 мин

Оқушылардың сөру сызығында дұрыс отыруын және сөреден шығуын қадығалу

III Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Түзел!

Тік тұр!

Еркін тұрыңдар!

Үйге тапсырма беру;

Қорытынды Жасау ( Бағалау)

Оқушылармен қоштасу.

5 мин.

Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып, ескерту .

Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 369 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым