Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эссе. Жаңаша оқыту - заман талабы

Ильясова Мактагуль Айткалиевна
2 мин оқу 1 113 оқылым

Ильясова Мактагуль Айткалиевна

«Маған жай айтсаң- ұмытамын, көрсетсең- есімде сақтаймын, өзімді
іс-әрекетке қатыстырсаң - үйренемін»

Конфуций

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ел келешегі жас ұрпақтың қолында, бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі-білімде»,- деп айтқан сөзі дәл айтылған. Олай болса, жаңа білім, жаңа мектеп, жаңа технология, жаңа бастама болып жатқан кезде біз неге өзгермеске?

Ұстаз адамзат шеберханасының иесі, ұстаз болу өте қиын. Оның жалпы қоғам алдындағы жауапкершілігін мәңгілік естен шығармауы керек. Жалпы қазіргі таңда өзге елдердегі білім үдерісінің дамуы, біздің қоғамдағы білім саласындағы түйінді мәселелердің көптеп кездесетінін айқындап отыр. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалімі, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»- деген тамаша ой тастаған.

Оқушының табысты болуы- ұстаздың табысты оқытуы. Мұғалімдердің жаттанды дәстүрлі сабақпен шектелуі, оқушы білімін дұрыс бағаламауы, оқытудың озық технологияларын қолданбауы еліміздің болашағына қауіпті. Қазіргі уақытта мұғалім қандай болу керек, оқушыны өмірге қалай дайындап, оқыту керек деген сұрақтар туындайды.

Ортақ ұстанымдар арқасында жаһандық білім жүйесіндегі озық технологиялар тиімді пайдалану, тәжірибе алмасу.

Біз, ұстаз қауымы, білім саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді жақсы меңгертіп, әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, болашақтың адами капиталы екенін сезіп, әр оқушы қоғамда өз орны, өз биігі бар екенін ұғындыруымыз керек. Әрбір оқушыдан тек жақсы үміт күтуіміз керек. Бала бойындағы қабілетті көріп, оған бағдар беруіміз, бейімделуіміз, кез-келген қиындыққа мойымай, оның шешу жолдарын қарастыратын шығармашыл шәкірт дайындауымыз керек. Ұлтымыз небір қилы қыстау кезеңдерде өзінің тапқырлығымен, шешенділігімен, мәдениеттілігімен, батылдығыме көріне білген.

Ендеше, бүгінгі таңда сол асыл текті атаның ізін жалғар ұрпақты қалыптастыру ұстаздар қауымының асыл міндеті.

Болашақ ұрпақты тәрбиелеу, оқыту- біздің мақсатымыз. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», -деп орынды айтқан Қытайдың дана ойшылы Конфуций.

Оқушының әрбіреуі ашылмай жатқан бұлақ секілді. Сол бұлақтың көзін тауып ашатын-мына біздер, мұғалімде, педагогтар. Ашылған бұлақ ағып, көлдер мен теңіздерге құяды. Сол сияқты бойдағы өнерді көрсетіп, ұштаса, ол-халқымыздың рухани қазынасына қосылған қомақты үлес болмақ, оның мақтанышына, игілігіне айналады.

Мағжан Жұмабаев айтқандай «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» ХХІ ғарыс-білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін жадымызда сақтағанымыз жөн.

Сондықтан, жаңа бастаманың жолында көшбасшы мұғалім ретінде әлі талай үйрену барысында жеңістердің де, жеңілістердің де болатынын біле отыра тек мойымау керектігін түсіндім.

Халықтың «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деген қанатты сөзін ескере отырып, мектептегі ұстаздық қызметімде 30 жылдан астам тәжірибем болса да, заман талабына сәйкес жаңа бағдарламаны іске асыру жолында әлі де болса үйренетін дүниелерімнің көп екендігіне көзімді жеткіздім.

Сенеканың «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз үйренеміз» деген нақыл сөзі менің бүгінгі ұстанымыма сайып келгендей, барша қауымды жұмылдырып іске бастаған көштің ұранына айналғандай. Мен де сол көштің легіндемін. Іске сәт демекпін, ұлағатты педагог қауымға!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ильясова Мактагуль Айткалиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым