Мазмұнға өту

Эссе құрылымын сақтай отырып, аргументативті эссе жазу

Ахметжанова Назаргуль Қабылқызы 3 мин оқу 847 оқылым

Ахметжанова Назаргуль Қабылқызы
Астана қаласындағы Халықаралық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі сабағында оқушының жазылым дағдысын дамыту барысында аргументативті эссе жазу дағдысының қалыптасуы маңызды. Білім алушыдан белгілі бір мәселе төңірегінде өзінің пікірін, сыни көзқарасын білдіріп, оны нақты дәлелдеуі және осы тақырыпқа қатысты өзіндік ой-тұжырым жасай  алуы арқылы қалыптасқан нәтижені көре аламыз.

Аргументативті эссенің мақсаты - аудиторияны белгілі бір көзқарасқа  сендіру және оларды өз жағына көндіру.

Берілген тақырып бойынша 3 түрлі тезистің біреуі таңдалуы керек:

  1. «+», яғни,        «болады, оны дәлелдеу»
  2. «-»  «болмайды, оны дәлелдеу»
  3. «+» және «–» «болады» және «болмайды»

Оқушылар тақырып мазмұны бойынша тезистерді өздігінен құрастыра алуы керек. Мысалы: «Бай болу үшін үкіметтің көмегі керек пе, әлде ол адамның өз  қолында ма? деген эссе тақырыбына төмендегідей тезистерді ұсынуға болады. Білім алушы тек бір тезисті таңдап, эссе жазады.

1-тезис. Бай болуға үкімет көмектесу керек

2-тезис. Бай болу адамның өз қолында

3-тезис. Бай болуға үкімет те көмектесу керек, адам өзі де бай болуға талпыну керек.

Аргументативті эссенің ерекшелігін ажырата отырып, эссе құрылымы бойынша алгоритмді басшылыққа алып жазылым жұмысын орындайды.

Эссе құрылымы негізінде жазу алгоритмі

КІРІСПЕ

1. Эссе тақырыбын түсінгені туралы сөйлем
2. Тақырыптың өзектілігін жазу
3. ТЕЗИС (позиция/ұстаным)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.    Тезисті қолдаушы 1-пікір

2.    Пікірге қатысты 1-аргумент

3.    Талдау (анализ)

4.    Абзацты қорытындылаушы сөйлем

1.    Тезисті қолдаушы 2-пікір

2.    Пікірге қатысты 2-аргумент

3.    Талдау (анализ)

4.    Абзацты қорытындылаушы сөйлем

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

1.    Кіріспе бөлімдегі тезиске қайта оралу

(басқа сөйлем арқылы жеткізу)

2.    Негізгі бөлім абзацтарының түйіні

3.    Эссені қорытындылаушы  сөйлем (өзінің позициясын

нақтылайтын  сөйлем)

Эссенің кіріспесі бойынша үлгі

Эссе тақырыбы:    Бай болу үшін үкіметтің көмегі керек пе, әлде ол   

                                   адамның өз  қолында ма? (аргументативті эссе)

Эссе тақырыбын түсінгені туралы сөйлем

(Эссе тақырыбын түсінгені туралы сөйлемді жазу үшін эссе не туралы деген сұраққа жауап )

Қазіргі заманда әрбір адам өмір сүру сапасын жақсартып, материалдық жағдайын көтеруді қалайды. Дегенмен бай болу мүмкіндігі тек бақытты тағдырға байланысты емес. Кейбіреулер үкімет маған жағдай жасайды деп үміттеніп отырады.  
Тақырыптың өзектілігін жазу Сонда бай болу үшін не істеу керек? Үкіметке қол созып отырамыз ба, әлде өзіміз әрекет жасауымыз керек пе?
Тезис Менің ойымша, бай болу бұл - көбінесе адамның еңбекқорлығы, білімге ұмтылысы және мақсатқа адалдығымен анықталады.

Эссенің негізгі бөлімі бойынша үлгі

Эссе тақырыбы:     Бай болу үшін үкіметтің көмегі керек пе, әлде ол   

                                    адамның өз  қолында ма? (аргументативті эссе)

Тезисті қолдаушы 1-пікір Еңбекқорлық – табыстың негізі. Кез келген жетістікке жетудің негізгі жолы – еңбек.
Пікірге қатысты 1- аргумент Мысалы, Илон Маск пен Стив Джобс секілді тұлғалар өз саласында үздік болу үшін күн-түн демей жұмыс істеді.
Талдау (анализ)  Міне, дүниежүзілік танымал кәсіпкерлер мен табысты адамдардың өмір жолына қарасақ, олардың барлығы еңбекқорлықтың арқасында биік белестерді бағындырған.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем Сондықтан адам өзінің табысқа жету жолында жалқаулықты жеңіп, табанды еңбек етуі тиіс.
Тезисті қолдаушы 2-пікір Бай болуға деген білімнің маңыздылығы. Бүгінгі күні білім – байлықтың қайнар көзі.
Пікірге қатысты 2- аргумент Әлемде білімнің күшімен кедейліктен шығып, байлыққа қол жеткізген көптеген мысалдар бар. Айталық, Гарвард университетін бітірмеген Билл Гейтс бағдарламалау дағдыларын жетілдіру арқылы Microsoft компаниясын құрды.
Талдау (анализ)  Заманауи технологиялар мен инновацияларды меңгеру арқылы адам жаңа мүмкіндіктерге жол аша алады.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем Демек, білімге құмарлық пен үздіксіз даму байлыққа жетелейтін маңызды құрал.

Эссенің қорытынды бөлімі бойынша үлгі

Эссе тақырыбы:     Бай болу үшін үкіметтің көмегі керек пе, әлде ол   

                                    адамның өз  қолында ма? (аргументативті эссе)

Кіріспе бөлімдегі тезиске қайта оралу Ойымды қорытындыласам, "Бай болу адамның өз қолында" деген сөзде терең шындық жатыр.
Негізгі бөлім абзацтарының түйіні Себебі табысқа жету үшін жеке жауапкершілік, қажырлы еңбек, білім мен батылдық қажет. Әр адам өз болашағын өзі құрады, сондықтан бұл жолда ең бастысы – жігер мен табандылық.
Эссені қорытындылаушы  сөйлем Міне, тек мақсатты түрде әрекет еткен адам ғана байлық пен молшылыққа жете алады.

Оқушыға эссе жазуға бағытталған нақты алгоритм негізінде үлгілер ұсынылса, дағдыларының дамуына ықпал ететіні тиімді әрекет болатыны сөзсіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ахметжанова Назаргуль Қабылқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин