Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тапқыр қоян

1 мин оқу

Бірде орманда аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Ол бір қазан суды қайнаттырып:- Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық берем, — деген шарт қойыпты. Көп сый-сияпаттан дәмеленіп, бақтарын сынап көргісі келген аңдар бірінен соң бірі келеді. Қанша өжеттенсе де, олардың қай- қайсысының да қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында ойнақтай басып қоян келеді. Ол қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:- Суды ыстықтай ішуді жақсы көремін, — деп жан-жағына қарайды. — Ендеше, іше-ғой, — дейді аңдар аң-таң қалып. Аңдардың бәрі қоянның не істейтінін көздерімен көруге асығады. Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп: — Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер, сенбестік танытып жүрмеңдер, — деп бас-басына көрсетіп шығады. Қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шығып, бәріне бірдей көрсетем дегенше қазандағы су суып қалады. Ал қулығын асырған тапқыр қоян суып қалған суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Таңданған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмады. Тіпті олар қоянға қызыға қарай бастайды. Алданған аң патшасы арыстан қоянға көп сыйлықтар беріпті. — Міне, нағыз ер! — деп мақтапты. Сөйтіп, небір айлалы аңдардан асып түскен тапқыр қоян көп сыйлыққа ие болып, қуанышы қойнына сыймаған екен.

Қазақ халық ертегілері

Барлығы: 101 ертегі

Тағы оқыңыз