Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Су жүрек қоян

1 мин оқу

Бір күні қоян ұзап серуен демек болады. Бірақ ол үш қадам жасамай-ақ бұтаның арасынан бір сыбдырды естиді.

Осы мені түлкі шығар аңдып жүрген! — деп қоян қорқып зыта жөнеледі.

Жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп томаршаға отырғаны сол еді, тағы да бұтанын арасынан сыбдырлаған дауыс шықты.

Қасқыр емес пе екен, мені аңдып жүрген! — деп үрейі қашып, қоян тағы қаша жөнеледі. Ол жүгіріп, жүгіріп, дем алайын деп сәл дамылдайды.

Неліктен мен сондай бақытсызбын? Менен ешкім қорықпайды, мен болсам бәрінен қорқамын? Сорлы басым-ай, одан да бұл қайғыдан суға батып өлгенім артық қой, — дейді ол қамығып. Сөйтіп, ол өзенге жүгіріп келсе, жағада бақа отыр екен. Сұр қоянды көре сала бақа есі шығып бақылдап суға секіріп кетеді. Мұны көрген қоян тоқтай қалып, таңдана, өз-өзіне:
— Мен осы несіне суға батам, меннен де қорқатындар бар екен ғой! — деп райынан қайтыпты.

Қазақ халық ертегілері

Барлығы: 101 ертегі

Тағы оқыңыз