Сылтаушыл
1 мин оқу
Ертеде бір қойшы үйіне мызғып алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсатыпты. Күн суық болса керек, баласы:
— Тоңамын! — деп, сылтауратыпты.
Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ қигізіпті де:
— Ал, балам, енді тоңбайсың, бара ғой, — депті.
Сонда баласы ұялмастан:
— Енді көзім тоңады, — деп жылапты.