Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қу түлкі

1 мин оқу

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
— Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, — дейді.

Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
— Мүмкін емес,— дейді.
— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі.

Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі? — деп мақтанады.
— Я, сен шынында да айбарлы екенсің, — деп алданған жолбарыс жайына кетеді.

Қазақ халық ертегілері

Барлығы: 101 ертегі

Тағы оқыңыз