Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қасқыр мен кірпі

1 мин оқу

Орман шетінде домалаңдап бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Бірақ тұмсығы мен тамағы қанға боялып шыға келеді. Озбырлығын, қомағайлығын білдіргісі келмеген қасқыр кірпіге:
— Бетіңнен сүйейін деп едім, сен — ақ қырынбайды екенсің ғұмыры бір, — деп сылтаурады.

Кірпі қылтаңдарының арасынан біздей тұмсығын шығарып, сықылықтай күледі де:
— Асықпа, қасеке, сендердің азуларың түгел қағылып біткен күні мен де қырына бастаймын, — дейді.

Қазақ халық ертегілері

Барлығы: 101 ертегі

Тағы оқыңыз