Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Гульзария
2 мин оқу 72 оқылым

ЖШС «Ерсұлтан балабақша»

меңгерушісі  Гульзария Дюсенбековна Шадыбаева

Қазіргі кезең ақпараттық технологиялар кезеңі. Сондықтан кез-келген ақпарат өте жылдам, тез тарайды. Осы орайда түрлі әлеуметтік желілерде, ақпараттық сайттарда буллинг құрбаны болған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің балалары жайлы ақпараттар да таралып жататыны жасырын емес. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында «Ерсұлтан» балабақшасында «Балабақшадағы буллинг» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Ең алдымен буллинг сөзінің негізгі мағынасына тоқтала кетсек. Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Көпшілік адамдар, мұндай әрекеттердің ең көп қайталанатын, жиі көрініс беретін орны мектепте деп ойлайды. Негізінде олай емес, бұл жайт қоғамда кез-келген жерде, кез-келген мекемеде болуы мүмкін. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы буллинг жайлы тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.Себебі бұл өте маңызды, әрі дәл қазіргі уақытта ең актулды тақырыптардың бірі болып есептеледі. «Неге?» деген заңды сұрақ туады. Себебі, бүгінде кез-келген жайсыз хабар тез таралып, резонанс тудырып жатады.

Біз үшін, біздің мекеме қызметкерлері  үшін білім алып, тәрбиеленіп жатқан балардың денсаулығы мен қауіпсіздігі ең басты орында.  Бізге сенім артып өзінің балаларын тәрбиелеуге алып келген ата-аналардың көкейінде күмән тумауы үшін үнемі тағлымды сабақтар өткізіліп, қызметкерлер арасында өз ара талқыланып, мұндай келеңсіздіктерді болдырмаудың жолдары айтылып, түсіндіріліп отырады.

Семинар сабақта баламен қарым-қатынас, баланың толық жай-күйін бақылауда ұстай отырып, үлкен мейіріммен  байланыс орнату жайлы айтылды. Сонымен қатар,  өзге әріптесінің тәрбиеленушіге деген қарым-қатынасында буулинг белгілерін байқаған жағдайда не істеу керектігі  түсіндірілді.

Мамандардың айтуы бойынша зорлық-зомбылықты бала-бақшадан бастап көрген баланың ойлау жүйесі, қоғамға деген көзқарасы өзгереді. Міне, сол келеңсіздіктерді болдырмау үшін біздің балабақша үнемі жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп, тәрбиешілер арасында тағлымды дәрістер өтіп тұрады.

Сабақ барысында балабақшадағы балалар арасындағы буллинг байқалған жағдайда тәрбиешінің іс-әрекеті қандай болуы тиіс. Міне осы сұраққа да мамандар жауап ала алды. Өзге баладан зорлық-зомбылық көрген баланы байқаса, тәрбиеленушілер арасындағы жайттарды бақылай отырып үнсіз қалса, онда ол тәрбиешінің де бұл іске жанамалы түрде қатысы бар болып шығады. Сондықтан тәрбиешілердің басты мақсаты тәрбие мен білімді қатар бере отырып, балаларды зорлық-зомбылық әрекеттерден алшақ ұстауға үйрету. Оның себеп-салдарын болдырмау үшін  жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, баларды дұрыс қарым-қатынасқа үйрету.

Кезекті өткен сабақта «Ерсұлтан» балабақшасының қызметкерлері де өздеріне қажетті ақпаратты толық ала алды. Мұндай семинар сабақтар өте қажет. Ол бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі үшін, әрі мекемеде қызмет ететін тәрбиешілердің біліктілігі мен білімін жетілдіріп отыру  үшін керек. Біз алдағы кездерде де бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отырамыз.

Авторы
Гульзария Дюсенбековна Шадыбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Гульзария

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым