Мазмұнға өту

Ересектер тобының балаларының тіл дамыту ерекшеліктері

Сейтенова Шамшия Карбайқызы 3 мин оқу 1 169 оқылым

Сейтенова Шамшия Карбайқызы

Ересектер тобы балаларының тіл дамыту ерекшеліктері.

Мақсаты:Ата -аналарға балалар тіл дамыту  қиындықтар туралы ой білдіру.

Баяндама: Кеш жарық ата аналар. Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы «Балалардың тіл дамытудағы ерекшеліктері».

Неге біз бұл тақырыпты алдық? Неге тіл дамыту ерекшеліктері? Мектепке дейін 1 жыл уақыт бар, сонда да бала мектепке бармақ бұрын тест , әңгімелесу немесе мектеп психологы , логопеді,  мұғалімі арқылы өз деңгейін көрсетеді.

Ең бірінші көңіл бөлінетін мәселе бала қалай сөйлейді, әңгімелейді ,өз пікірін дәләлдейді, сөйлем құрамын дұрыс пайдалана алады.

-Баланың тілдік грамматикалық құрылымы -сөздерді өзгерту ,басқа сөздермен сәйкестендіру, салалас ,сабақтас сөйлемдерді қолдану. Өкінішке орай көп ата- аналар баланың дұрыс сөйлеу ережесіне мән бермейді. Баланың бір жастағы күндерін естеріне түсірсек, біз қалай сөйлейді, не дейді деп уаймдамайтынбыз. Қандай сөзді бірінші айтады? Дәл қазір біз баланың тілін қалай дамытсақ екен, логикалық ой өрісін, ойлау қабілетін қалай дамытсақ екен?

Осы сұрақтар сізді мазалайды ма?

«иә» -өте жақсы, өйткені сіздерге бүгінгі жиналыс тақырыбы өте қызықты болды екен.

Егер «жоқ» десеңіз, ол уақытта көңіл бөліп, қадалаған дұрыс шығар ,сіз келісесіз бе?

Мектепке барғанда балаңыз сөздік қорын қаншалықты деңгецде көргіңіз  келеді?

-Сауатты

-Түсінікті

-Мәнерлі

-Мағналы

Дұрыс бұл өте тамаша деңгей. Тек бір өкініштісі, бала ата- аналармен көп уақыт өткізе алмайды  көбіне компьютер, теледидар және ата аналарының уақыты жетпей жатады. «ертегіоқу,әңгімелесу»

Осы жақын күннен бастап біз балалармен танымдық ойындар ойнап, ой өрісін дамытамыз,кім көп жауап берсе, соңында сыйлық беріледі . Сұрақтар күнде өзгеріп, қайталанып отырады.

Мысалы «кітаппен». Бұл әдісті көп қолданып бала қызығушылығы да артады.

Бұл ойында ұстамдылық, тианақтылық, өзін өзі бағалау қасиетін дамытады. Бала білсе, қол көтереді тақтаға шығып, асықпай жауап береді.

Үйде не істеу керек?

1 .Баланың сөздік қорына мән беру, әр сөзді аңық ,дұрыс сөйлегенде дауыс бір қалыпты. Ең бірінші бала отбасы мүшелерінің сөздерін ,қайталайды ,сондықтан артық сөзді естімегені дұрыс. Ата- ана тілдік қорына мағына беріп, көңіл бөлуі тиіс.

2 .Баламен сөйлесу, егер сөздік қиындықтар болса, арнайы мамандармен көмек сұраңыздар «логопед, психолог».

3 .Сіздерге өтініш бұл мәселені қатты көтермеңіздер ,қорқытпаңыз, психиатр немесе психолог өз маманы дәрігер сияқты жәйменен өз көмегін көрсетеді.

  1. Балаға кітап оқыңыз. Ұйықтар алдында ұйқы сізге көп жақсы нәтиже молайтады ,тек сіздің сөзіңіз аңық және дұрыс болуы тиіс. Оқылған ертегіні мазмұндап, әңгімелеңіз.
  2. Балаңызға мына сөздерді жиі айтасыз ба?

Мен сені жақсы көремін!

Сенің қолынан бәрі келеді!

Сен болмағанда не істер едім!

Бірге отыр жанымда!

Саған көмектесемін!

Сен үшін қуанамын!

Не болды айтып берші жаным?

Сөз соңында айтарымыз:балаңызы жақсы көріп көмектесіңіз. Дүниедегі ең асылымыз, гүліміз -осы балалар.

 Жұмбақ:

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Көйлегі көк, қарны тоқ.     «жастық»

Мақал: 

Қыз әкесіне жұлдыз,

Анасына күн.

Міне, сондықтан да бала сөздік қорыңыздағы, тілдік грамматикалық қолдану жеткіліксіз.

Ал ,қандай қиындықтар туындайды.

  1. біркелкі сөздер «бір сөз тобы»

Сөздік қордың аздығы

Паразит сөздер

Сұрақтар қойылуы

1 .логикалық сұрақтарға жауап бере алмайды.

  1. тілдік қоры аз.
  2. мәнерлеп сөйлеу қабілеті төмен.

- Бала сөздік жұмыста  дыбыстарды аңық  айта алмайды, ал кейін бұл жазуға әсерін тигізеді.

-Қараңыз қаншама қайшылықтар туындайды. «оң жақ, сол жақ» салыстыру.

Ал, енді балабақшамыздағы психолог мамн Гүлжан Сергазиевнаға сөз берсек.

Біз папка дайындадық.  Бұл жер әр жас ерекшеліктеріне байланысты тіл дамыту сабағы әдістерін көріп, пайдаланатын ойындарды көресіздер. Бұл ойындар сіздер ойнасаңыздарда болады. Балабақшадан біз қалай сөздік қорын дамытамыз? Ең бірінші- әңгімелесу.

  1. шығармашылық әңгімелер құрастыру.

2 .Сурет арқылы іңгімелесу.

  1. Мазмұндау.

Ал бұл үшін тізбектейік: тақпақ, өлеңдер- есту қабілетін дамытып, сөздік қорын молайту. Жеке тақпақты шығып айтуға ,еркіндік пайда болады.

Мысалы :дыбыстық сөздік қорын дамытуда- жаңылтпаштар. Балалар жұмбақ шешу үшін ойынын жақсы  көреді, бала ойланып, өз жауабына қорытынды жасап, салыстырады. Мысалы: қалай білдің неге?-деген сұрақтарға жауап береді. Және де ойын арқылы баланың ой -өрісін тез дамытады.

Үйде сіз балаңызды қалай мақтайсыз?

Жаңылтпаш:

Топ бала топ бала

ойнап жүр топ бала

Зымырап допты ала

Қуады көп бала.

Қыста күн қысқа

Күн қыста тым қысқа

Бесін бес іннің аузы  бір ін     «қолғап»

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сейтенова Шамшия Карбайқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин